.

Ғылым мен ғұмыр жайлы тосын ойлар

20151130195738

Жұртшылық Рон Ховардты Энди Гриффиттің шоуындағы Оупи, «Бақытты күндер» фильміндегі Ричи Каннингем секілді кейіпкерлерді сомдау арқылы және Оскар жүлдегері болған «Мінсіз сана» секілді фильмдердің режиссері ретінде біледі. Жуырда 61 жастағы Рон Ховард National Geographic арнасына «Ғылым жетістіктері» атты қысқаметражды деректі фильмдерінің бірін ұсынды. Онда бүкіл өмірі камера алдында өткен маман қартаю туралы баяндайды.

Болашақта адамдар екі жүз жылға дейін өмір сүреді дегенді елестете аласыз ба?

– Иә, бірақ бір айта кететін жайт, мұндағы мақсат адамдардың өмірін ұзартып қана қою емес, мақсат – уақыт үнемділігін арттыру, яғни адам барынша жемісті жұмыс істеп, өмір тәжірибесін белсенді түрде жүзеге асыра алатын жасын ұзарту. Зерттеу жүрек аурулары, диабет, қатерлі ісік, альцгеймер секілді қартаюмен бірге пайда болатын ауруларды ауыздықтауға бағытталған. Бұл адамдардың өмірін көрікті және мәнді етудің бірден-бір жолы деп білемін.

Жас актер болып танылғандықтан, халық сіздің бала бейнеңізді есте сақтап қалды. Қалай қартайып қалдым деп ойлайсыз?

– (Күледі) Мен өзімді әлі де жас және қуатты сезінемін, алайда қазір 10-12 жыл бұрын болмаған аурулар пайда бола бастады. Олар жай бір спорттық жарақаттар емес, бұл – қартайып жатқандығымның  белгісі. Мен болашақты бір шексіз құбылыс ретінде қабылдамаймын. Өмір атты күнтізбемнің парақтары біртіндеп жұқарып бара жатқандығын сезіне бастадым.

Ғылымға негізделген жобаға келуге сізді не итермеледі?

– Менің басымнан көптеген қызықты оқиғалар өтті. Студент кезімде ғылымға мүлдем жоқ едім, оның үстіне менде керемет бас бар деп те айта алмас едім. Алайда уақыт өте келе мен ғылым төңірегіндегі әңгімелерді ұната бастадым. Жаңалық ашып, оны пайдаға асыра білген адамдарды қатты құрметтеймін. Бірақ ғылымда сәтсіздікке ұшырайтындар да өте көп.

Сурет: Мартин ШОЛЛЕР

       

Пікір жазу