.

Таңғажайып саяхат әлемі

Susan-Goldberg27407

«National Geographic» әлеміне қош келдіңіздер! Қолдарыңыздағы сары жиекті журналдың жер жүзінде өздеріңіз секілді 60 миллионнан астам оқырманы бар. Бір қуанарлығы, биыл Қазақстан басылымы отыз сегізінші тіл болып үлкен қауымдастықтың қатарына еніп отыр.
Сіздер бұған дейін де біздің ғаламтордағы парақшаларымыз бен телебағдарламаларымызды, кітаптарымыз бен деректі фильмдерімізді көрдіңіздер деп ойлаймын. Бүкіл әлемге тарайтын ағылшын тіліндегі журналды да оқыған боларсыздар. Біз ең алғашқы нөмірден-ақ қоршаған орта, ғылым, мәдениет, география секілді маңызды тақырыптарды оқырмандар назарына ұсынып келеміз. Табиғатты аялау, әсіресе, жойылып бара жатқан жануарларды сақтау – рухы биік адамдар жасайтын сауапты іс. Сіздермен бірге біз алда археологиялық қазбалардан бастап, таудың биік шыңдарына, мұхит түбі мен аспандағы жұлдыздарға қол созып, таңғажайып саяхатты бастан кешіреміз.
Ай сайын Вашингтондағы штаб-пәтер ұжымы Қазақстандағы әріптестерімізбен бірлесіп «National Geographic Қазақстан» журналы бетіне қызықты зерттеу мақалалар ұсынатын боламыз. Біздің мақсатымыз айқын, біз «National Geographic-тің» әлемдегі ең танымал әрі көптілді журнал болуын қалаймыз.
1995 жылы Жапония алғашқылардың бірі болып «National Geographic» журналын өз тілінде басып шығарды. Бізге: «Журнал атауын неге «халықаралық география» деп өзгертпейсіздер?» – деген сұрақ көп қойылады. 127 жыл бойы оқырманға мүлтіксіз қызмет етіп келе жатқан журнал атауы бүгінде әлемдік танымал брэндке айналып кетті. Сондықтан тұңғыш нөмірден бастап осы күнге дейін өз оқырмандарына жарық-жылдар секілді уақыт мөлшерін елемей, таңғажайып сапар сыйлап келеді. Содан бері аудиториямыз миллиондап өсті.
Журналдың бас редакторы ретінде бұл басылымды шығаратын ел қатарына Қазақстанның қосылғандығын қуана хабарлаймын! Төрткүл дүние бойынша әртүрлі мәдениет пен тілдерді дәл осындай ортақ құндылықтар байланыстырып жатқанына өте қуаныштымын. Сіздерді ай сайын шығатын «National Geographic» атты халықаралық шытырман оқиғалар әлемінде асыға күтеміз!

22

Сюзан Голдберг,
«National Geographic» журналының
бас редакторы

       

Пікір жазу