.

Ақуызбен жеткен вакцина

NationalGeographic_2290134 копия

Қатерлі ауруларға қарсы вакцина тек егу арқылы емес, мәселен, аналық арадан жұмырт­қасына берілу арқылы да жасалады. Әуелде мұндай қасиет тек омыртқалы жануарларға ғана тән делініп келген болатын. Бірақ ғалымдар уақыт өте келе ара сияқты кейбір омырт­қасыз жәндіктердің де бұл қабілетке ие екенін анықтап отыр.

Хельсинки университетінің қызметкерлері Далиал Фрайтак, Хели Сальмела және Аризона мемлекеттік университетінің ғалымы Гро Амдам осы бағытта зерттеу жүргізген болатын. Нәтижесінде, аналық аралардың ағзаларындағы ауру қоздырғыш бактериялардың біразы вителлогенин, яғни жұмыртқаның ақуызы арқылы дернәсіліне (личинка) берілетіні анықталып отыр. Ақуыз аналық араның қанынан бастап бауыр тәріздес мүшесіне дейін бүкіл ағзаны шарлап, ақыры жұмыртқасына барып тұрақтап қалады. Ал жаңадан жетіліп келе жатқан дернәсілдер сонымен қоректенеді. Сөйтіп, болашақ аралардың ағзасында жергілікті жердегі ауруларға қарсы иммунитет қалыптасады.

Осы деректің өзі-ақ ғалымдардың белсенділігін арттырып отыр. Яғни, олардың пайы­мынша, бал аралары «америкалық шіріме» сынды қауіпті аурудан қорғануға арналған вакцина жасауға мүмкіндік береді. Бұған қатысты Фрайтак: «Бұл жаңалық иммундық қорғаныс жүйесін қалыптастыруға зор үлес қоса алады», − деді. −Линдсей Н.Смит

       

Пікір жазу