Қарқаралының қысы міне осындай!

karkaraly-kysy-1

Қарқаралының қысқы таңында аспан көк, қызыл түске боялып, ерекше әсер қалдырады. Түнде түскен тұман аймақтағы ірілі-ұсақты барлық нәрсеге қырау салады.

Қарқаралы таулары – Сарыарқаның шығысындағы таулы-орманды алқап. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының орта тұсында орналасқан. Айналасындағы ұсақ шоқылы, төбелі, белесті жазықтан көп көтеріңкі күмбезді, жоталы, қырқалы таулар мен биік шоқылар тобының тізбегінен тұрады. Олар солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30-35 шақырымға бір-біріне жалғаса созылып жатыр, ені 20-25 шақырым. Алқаптың солтүстік-батысында Шаңкөз тауы (1360 м), батысында жеті өркешті Көктөбе (1254 м), солтүстік-шығысында осы таулы-орманды алқапқа атауы берілген сүйір шыңды Қарқаралы (1206 м), орта тұсында Мырзашоқы (1169 м), оңтүстігінде Жиренсақал (Комсомол шыңы, 1403 м, алқаптың ең биік нүктесі), оңтүстік шығысында Ақтерек (1230 м), шығысында Жауыртоғай, Найза, т.б. таулар орын тепкен. Таулары мен шоқыларын Кендара, Құрөзен, Қаратоқа, Оянаға, т.б. тауаралық аңғарлар, кең сайлар бөліп тұр.

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу