Түйіршікте де сыр бар

Фото: Эрлен Харберг (жоғары жақта); Тим Гарретт, ұлттық ғылым қоры

Фото: Эрлен Харберг (жоғары жақта); Тим Гарретт, ұлттық ғылым қоры

Қар түйіршігінің кейбір түрлері көшкін тудырып, жолдарды көк тайғаққа айналдырады. Олардың қандай түрі қай жолға жауатынын білу автожол қызметкерлері үшін аса маңызды. Себебі олар төтенше жағдайдың алдын алып, шапшаң шаралар қабылдай алатын еді. Юта университетінің қызметкері Тим Гарретт пен оның әріптестері жылдамдығы аса жоғары камера ойлап тапты. Бұл камера арқылы қар кристалдарының нақты көрінісін түсіруге болады. «Аспаннан не жауатынын қатты білгіңіз келсе, түйіршіктің қату үдерісіне мән берген жөн. Құрылғы қар аралас жаңбырды да, қардың өзін де, жаңбырды да болжай алады», – дейді Гарретт. Мысал үшін, суреттегі қар түйіршігінен еш алаңдамасақ та болады. Өйткені ол жерге жеңіл қалқып түседі – Рэйчел Хартиган Ши

    

Пікір жазу