«National Geographic-тің» бойтұмарына айналған ауған қызы тұтқындалды

123123123

«National Geographic» арқылы бүкіл әлемге танылған әйгілі ауған қызын Пәкістан билігі «жалған құжатпен жүрді» деген күдікпен қамауға алды. Билік органдарының мәлімдеуінше, Шәрбат Гүл Пешавардағы рейд кезінде ұсталған. Босқындарға арналған лагерьде өскен 40 жастағы Шәрбат Гүлге тағылған айып дәлелденсе, 14 жылға дейін бас бостандығынан айырып, бес мың доллар көлемінде айыппұл төлеуге тиіс болады.

Фотограф Стив МакКарридің арқасында Шәрбат Гүл бүкіл әлемге бар-жоғы 12 жасында танылған еді. 1984 жылы ауған қызының «сұсты көк көзі» «National Geographic» журналы мұқабасының көркін келтірген. Әр түрлі дерек бойынша бұл туындыны пайдалану үшін батыс басылымдары мен өзге компаниялар 100 мың долларға дейін қаражат төлеуге дайын болған екен. 2002 жылы МакКарри оны Ауғанстаннан қайтадан тауып, суретке түсірген болатын.

Пәкістан біраздан бері заңсыз тіркелген ауған босқындарымен күресті күшейтті. БҰҰ мәліметі бойынша, бұл елде ресми тіркелген тегі ауғандық 1,4 миллионға жуық босқын тұратын көрінеді.

 

    

Пікір жазу