Күз бен қыстың үйлесімі

00-kuz-ben-kys-suretterdi-tusirgen-doszha

Жылдың қай мезгілі болмасын өзіндік әсемдікке еніп, сұлулығымен ерекшеленіп тұрады. Мәселен, қыс маусымы мамықтай жұмсақ аппақ қары, кіршіксіз таза ауасымен есте қалса, ал көктемде жер ана бусанып, тоңы жібіп, тіршілік атаулыға жан бітіп, мамыражай күйге енеді. Одан кейінгі кезек жадыраңқы жазда. Жаз – тіршілік атаулы демалатын, күнге қыздырынып, күш-қуат жинап, бой жазатын мезгіл.

01-kuz-ben-kys-suretterdi-tusirgen-doszha

Ал күзде дихандар жаз бойы баптап өсірген өнімдерін жинап, қысқа дайындыққа кіріседі. Еңбекпен біте қайнасқан бұл мезгіл қызыққа толы. Сондықтан күз – молшылықтың, байлық пен берекенің мезгілі болып саналады.

02-kuz-ben-kys-suretterdi-tusirgen-doszha

Мына фотодан сіз «National Geographic Қазақстан» тілшісі Алатау бөктерінде күз бен қыстың бір бірімен үнемі үйлесімде болатынын көрсете білгеніне көз жеткізесіз.

03-kuz-ben-kys-suretterdi-tusirgen-doszha

04-kuz-ben-kys-suretterdi-tusirgen-doszha

Фото: Досжан Балабекұлы

    

Пікір жазу