Техастықтардың бір күні

001

1890 жыл, Техас штатындағы Мейсон қаласы. Бір кездері жаңа қоныстанушылар мен жергілікті Америка 002тайпаларының талас-тартысына себеп болған елдің батыс қиырындағы шағын қалашық бүгінгі таңда тасы өрге домалаған фермерлік шаруашылықтардың отанына айналып отыр. Бұл суреттің де кейінгі ұрпаққа естелік болып қалмауына еш қақысы жоқ-тын.

Қызығы, бәсі бөлек осы бір суретті кімнің түсіргені белгісіз болғанымен, оны сақтап қалған адам әбден абырой жинады. Ноа Гамильтон Роуз (1874-1952) – Жабайы Батыс өлкесінің жылнамашысы іспетті адам. Оның қоржынында алаяқтар мен қарақшылардан бастап, Мейсон қалашығының тұрғындары мен ХХ ғасыр басында шекара бекетінде күн кешкен ауылдардың мың-сан бейнесі жинақталған.

Осы бір күні Мейсон тұрғындары алаңқайға жиналып, жоғарыға қадала қарап қапты. Шамасы үлкен бір жаңалық бар сияқты. Қалай болғанда да, Mason News (үлкейтілген суретте) ғимаратының төбесіне шығып, бір қолымен газет бұлғап тұрған жігіттің жүрегінің түгі бар екен. Алайда оның қалпағын көтеру арқылы не сүйіншілеп тұрғаны бізге беймәлім. – Ив Конант

СУРЕТТІ ТҮСІРГЕН: НОА ГАМИЛЬТОН РОУЗ, NATIONAL GEOGRAPHIC ТУЫНДЫЛАРЫНАН

 

 

    

Пікір жазу