Бір ысып, бір суыған – қарт Каспий

00

Табиғаты әсем, құмы таза, суы бұлақтай мөлдір Каспий теңізін алғаш көрген адам керемет әсерде қалады. Себебі, теңіз аумағының үлкендігі, әркелкілігі соншалық оның Иранмен шектесетін жағалауында аптап ыстық болса, ал Қазақстанға қарайтын жағалауында мұз қатып жататын кездер болады. Міне, сондай көріністі «National Geographic Қазақстан» журналының тілшісі суретке түсіріп алған еді.

Каспий теңізі екі климаттық белдеуді алып жатыр. Солтүстігі қоңыржай континентті, оңтүстік-батысы – құрғақ субтропиктер, ал Солтүстігінің қысы аязды болып келеді. Онда қаңтар айында ең төменгі температура -38 градусқа дейін төмендеп, мұздың қалыңдығы 2 метрге дейін жетеді.

Каспий теңізі аумағы – 380 мың шаршы шақырым, ұзындығы 1030, ал ені 196-435 шақырым аралығында. Теңізде өсімдіктің 945, балықтың 76, фитопланктонның 414 және зоопланктонның 100-ден астам түрі кездеседі.

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу