Қатерлі құштарлық

1111

Сүтқоректілердің 22 түрінде суицидалды көбею байқалады, олардың 15-і антехинус тұқымдастар

Антехинус тектестер қысқа өмірін жыныстық белсенділікте өткізеді. Алты айдан кейін-ақ бұл қалталы жыртқыштар жыныстық жағынан толық жетіледі екен. Аустралиядағы Квинсленд технология университетінің сүтқоректілер маманы Эндрю Бейкердің айтуынша, бес ай бойы олар жұптасу кезіндегі жоғалтатын салмағын жинау үдерісін бастан өткізеді. Бұдан кейін аталған жануарлар бір аптадан үш аптаға созылатын жұптасу кезеңіне көшеді. Аталықтар аналық үшін күреседі. Бір жұптасу 14 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Бір қызығы, бұл кезеңде аталықтан да, аналықтан да үлкен күйзеліс байқалған.

Күйзеліс кезінде адамдар пайдасы аз, ал улылығы жоғары кортизол гормонын қалай бөлсе, антехинустардан да осыны байқауға болады. Бэйкердің айтуынша, Антехинус аталықтарының бойынан аналықтарды қарату мақсатындағы үлкен тестостерон ағымын байқауға болады және ол кортизолдың тоқтауына кедергі жасайды. Кортизол улы деңгейге жеткендіктен аталықтың иммундық және басқа да жүйелері бұзылады. Бұл олардың бір жасқа жетпей қырылуына себеп. Ерте есеюдің кесірінен антехинустердің саны қазір екі есе азайды.

Бэйкердің ойынша, ұрпағын өсіргісі келген адамзат ешқашан бұл жүйені қолданбас еді. –Патрисия Эдмондс


МЕКЕНДЕУ ОРТАСЫ Аустралияның орманды әрі шалғынды аймақтары.

САҚТАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ Антехинустардың бестен біріне жойылып кету қаупі төніп тұр. Қазіргі таңда бұл тізімдегілердің 500­і ғана тірі болуы мүмкін.

ҚОСЫМША ДЕРЕКТЕР Түріне байланысты салмағы 14­тен 198 граммға дейін жетеді.

Бұл аталық Антехилус Аустралияның Хилсвилл қорығында суретке түсірілген.

    

Пікір жазу