.

Дәрі һәм уақыт

01

«Әр нәрсенің өз уақыты бар». Дәл осы сөзді дәрі-дәрмектің жапсырмасына оқылатындай етіп жазу керек. Өйткені құтыдағы нұсқаулықта әдетте қанша түйір қабылдау керектігі жазылып, оны қай уақытта ішетіні айтылмайды. «Бұл – үлкен мәселе, себебі ауру белгісі мен емдеу тиімділігі уақытқа қарай түрленіп отырады», – дейді Остиндегі Техас биомедициналық инженерия университетінің профессоры Майкл Смоленски. Мысалы, инсульт көбіне таңғы уақытта пайда болады, демікпе керісінше түнге қарай күшейеді. Профессордың айтуынша, егер сіз дәріні мезгілсіз ішсеңіз, оның әсері ойдағыдай болмай қалуы, тіпті кері әсерін тигізуі де ықтимал.

Адамдар мен жануарлардың миы, ағзасы, тіні және жасушаларында күн мен түн ауысуына синхронды әрекет ететін 24 сағаттық ішкі сағаттары болады. Дәрі қабылдау уақытын сол ырғақпен үйлестіру – хронотерапия аталады. Бұл – көпшілікке кеңінен тарала қоймаған ілім. Осыған орай, Пенсильвания медицина университетінің биолог «дәрі қабылдау уақыты бойынша клиникалық зерттеулер жүргізу керек» деген ұсыныс айтады. Джереми Берлин

АВТОРЫ: ДЖЕННА ФАЙТ. ФОТО: РЕБЕККА ХЕЙЛ, NATIONAL GEOGRAPHIC ҰЖЫМЫ

       

Пікір жазу