.

Ширек ғасырдың шежіресі

01

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында тарихымыздағы әр жылдың негізгі оқиғалары мен жетістіктерін баяндайтын «Тәуелсіздік жылнамасы – 25» атты фотокөрме өз жұмысын бастады. Астана қаласының әкімдігі мен «National Geographic Қазақстан» журналы ұйымдастырған көрмеде Қазақстан және шетелдік фотомамандардың 80-нен астам еңбегі ұсынылды.

02

Қазақ елінің соңғы ширек ғасырдағы қалыптасу кезеңі, атаулы күндері, елеулі оқиғалары мен жүріп өткен жолын баяндайтын экспозиция сарайдың 2-қабатындағы негізгі көрме залында орналасқан.

03

Фототілшілер өз туындыларын бұл көрмеге қою арқылы Қазақстанның бай мәдени мұрасына, төл тарихына, ұлттық бастауына деген махаббаты мен құрметін көрсетуді мақсат етіп отыр. Азаттығымыздың 25 жылдық мерейтойына арналған фотокөрмеде бұған дейін жарияланбаған суреттер де бар. Негізгі серіктестер: Фотоөнер бірлестігі, ҚР Ұлттық мұрағаты,  Орталық мемлекет мұрағаты, Кино-Фото құжаттау және дыбыс жазу орталық мемлекеттік мұрағаты.

04

Көрме тегін және бір ай бойы келем деушілерге есігі ашық болатынын жеткіземіз.

05

06

07

       

Пікір жазу