.

Жолақтар жолдан тайдырды

42-18269780

Зебра шалт қозғалса, оның жолақтары жыртқыштан құтқара ма? Кейбір жануарлар денесіндегі сызықтар көз жаңылту үшін жаралған деген гипотеза бар. Қоршаған ортаға бейімделу жемтіктің айналаға үйлесуіне мүмкіндік берсе, шалт қимыл жыртқышты бағытынан адастырады. Кембридж университетінің биологы Лаура Келли: «Жануарлар денесіндегі жолақтар туралы болжамдардың біразы ғана іс жүзінде тексерілді», – дейді.

Бұл айтылғанды дәлелдеу үшін Келли мен оның әріптестері онлайн-ойын ұйымдас тырды. «Dazzle Bug» ойыншылары табиғи ортада жортып жүрген жолақты «қоңыздарды» ұстауға тырысқан. Шын мәнінде, жолақты жәндіктерді аулау анағұрлым қиынға түсті. «Жануарлар денесіндегі жолақтардың жыртқыштарға қарсы қорғаныстың бір түрі екенін дәлелдеуге тырысып жатырмыз», – дейді Келли. – Рейчел Хартиган Ши

       

Пікір жазу