.

Ақ шағала, шағала

01

Теңіздің ерке сылқымы – шағала мұхитта бірнеше тәулікке қалып қойған адамға үміт отын сыйлайтын бірден бір құс. Олай дейтініміз, егер де адам кенеттен шағала құсын көре қалса, жақын маңда аралдың немесе материктің барын білген.

02

Шағала тәрізділердің барлығы да қорегін ауада ұшып жүріп аулайды. Олар жақсы ұшады, бірақ сүңги алмайды. Көпшілігі қорегін судан табады, қорек іздеген шағаланың кейбір түрі жағалаудан бірнеше шақырымға алыстап кетеді. Олар бүкіл жер шарына таралған құс. Негізінен шағала, өгiзшағала, түйе шағала, ақ шағала, боз шағала және қара шағала секілді 6 түрге бөлінеді.

03

Қоректері алуан түрлі. Олар балық, ұсақ шаян, шыбын-шіркей, құрттармен қатар, өлекселермен де қоректенеді. Сөйтіп олар су қоймасын тазартып, қоршаған ортаның тазалығына пайдасын тигізеді.

04

Ұясын әр түрлі жағдайда түрліше орналастырады: солтүстікте көбінесе теңіз жағалауларының тастарының арасына, орталық орманды ендікте — батпақтарға немесе айналасы қалың шөпті өзен жағалауларына, ал оңтүстікте – өзен, көл және теңіздердің құмды жағалауларына салады. Ұясында 2-3 жүмыртқа болады. Одан ширақ балапан шығады.

05

Суретке түсірілген мына ақ шағала түрлерін Каспий теңізінен кездестіруге болады.

06

07

08

Фото: Ерболат Шадрахов

       

Пікір жазу