Байқоңыр, бағым ба едің?

01

Байқоңыр ғарыш айлағы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргетасы 1955 жылы қаланған бұл кешеннің елді мекендердің қашық, ал экватор сызығына мейлінше жақын болуы, зымыран ұшырудың қауіпсіздігі және қайтып оралатын ғарыштық нысандар үшін қолайлы болуы секілді факторлар ескерілген.

02

Байқоңыр ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.

03

Және ол әлемдегі ең ірі ғарыш полигоны да болып табылады, оның жалпы аумағы 6717 шаршы шақырым.

04

Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин «Восток» кемесімен ғарышқа аттанған. Ал, 1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров «СоюзТ-13» кемесімен ғарышқа көтерілсе, одан кейін Талғат Мұсабаев (1994,1998 жылы) екі мәрте, Айдын Айымбетов 2015 жылы 2 қыркүйекте ғарышқа ұшты.

05

Байқоңыр ғарыш айлағы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтсе, ал 1993 жылы Ресейге жылына 115 млн. АҚШ долларына жалға берілді.

06

Байқоңырдың пайдасымен қатар қазақ даласына келтірер зияны да көп болып тұр. Өкініштісі сол, бұл кешеннен жылына 30-35 мың тонна улы қалдықтар шығарылса, соның негізгі бөлігі зымырандар арқылы Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысы аумағына түседі.

07

08

09

Фото: Бауыржан Жуасбаев

    

1 пікір жазылған

Пікір жазу