Хан қызындай малына киінген Мұзтауым-ай

01

Мұзтау – Алтай тау жүйесінің ең биік шыңы (4506) болғандықтан ол жыл он екі ай бұлт астында жатады. Сол себепті болар көзге өте сирек көрінеді. Ал мына фото жаз мезгіліндегі жауынды маусымнан кейінгі таңсәріде түсірілген.

Бұл тау Қатын жотасының шығыс жақ бөлігінде орналасқан. Нақтырақ айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өлкесінің (Ресей) әкімшілік шекарасы маңында жатыр. Ұшар басында Үлкен, Кіші Берел мен Меңсу мұздықтары бар, Қатынсу өзені осы шыңдардан бастау алады. Мұзтауды қазақтар Ақсүмбі немесе Ақтайқы деп атаса, алтайлықтар Үч сумер деп атайды.

02

Алтайдың Мұзтаудан кейінгі екінші биік шыңы – Бесбоғда теңіз деңгейінен 4374 м биіктікте, Қытай мен Моңғолия шекарасында орналасқан.

Бұл қос шыңның беткейлерін мәңгі қар мен мұз басып жататындықтан «Алтайдың алтын таулары» бүкіл әлемдік мұра ретінде тізімге алынған.

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу