Джеки Чан бастаған науқан

GettyImages-488445084

Индонезия жағалауынан 800 шақырым қашықтықта балық аулау кемесі бортына бір балғабас акуланы тартып кіргізді. Оның еті онша бағалы емес, бірақ жүзбеқанатының бір килограмы $200-ға дейін баруы мүмкін. Балықшылар акуланың қанатын кесіп алды да, қансыраған мақұлықты қайта суға лақтырып, мұхит табанына аттандырды.

Кей санақтар бойынша, жыл сайын 100 млн акула ауланады екен. Ғалымдардың айтуынша, қанаттың көбін қытайлықтар сорпа дайындау үшін пайдаланады. Алайда аты шыққан актер Джеки Чан мен НБА жұлдызы Яо Миң бұған үзілді-кесілді қарсы. Олар қолдау көрсетіп жүрген анти-фин науқаны мен мемлекеттік жиын-шараларда жүзбеқанат сорпасын ішуге тыйым салған Қытай үкіметінің арқасында осы өнімге деген сұраныс 70 пайызға қысқаруы мүмкін екен. Бірақ акулаларды көтерме саудаға шығару шынында азайды ма, ол жағы әлі белгісіз. Балық шаруашылығы зерттеушісі Дэниел Поли: «Үкіметтің бұл шарасы Батыс ұйымдарын жүзбеқанат кесуді бақылап отырудан босатуға жеткілікті және бұл ең соңғы акула ауланғанша ың-шыңсыз жалғасуы мүмкін», – дейді.

Гонконгта күн астында жатқан мыңдаған акула қанаттары. Кептірілген соң оларды бірнеше жыл сақтауға болады. Оны қайнатып, сорпа пісіреді. Онша дәмді емес, бірақ сорпаға ерекше бір сипат береді.

Гонконгта күн астында жатқан мыңдаған акула қанаттары. Кептірілген соң оларды бірнеше жыл сақтауға болады. Оны қайнатып, сорпа пісіреді. Онша дәмді емес, бірақ сорпаға ерекше бір сипат береді.

СУРЕТТЕРІН ТҮСІРГЕНДЕР: ЭНТОНИ ДИКСОН, AFP/ ФОТОБАНК (ЖОҒАРЫДА); ПОЛ СЭКУМА, АССОШИЭЙТЕД ПРЕСС

    

1 пікір жазылған

Пікір жазу