.

Кішкентай мысықтар

020175_Cachoeira_129

Біз бұл жолы «Сіз түсірген сурет» айдарына дене тұрқы кішігірім мысықтардың жабайы кейпін көрсететін фото түсіруді тапсырған едік.

«Шуквиттікіне ұқсайтын суреттер ғаламтордағы көп қаралмайтын мысықтар бейнелерін жаңғыртуға көмектесіп, үй марғауларының айбарлы да сүйкімді бола алатынын есімізге салады».

Бекки Харлан, «Сіз түсірген сурет» айдарының редакторы

The-hunter-at-sunset

Гералин Шуквит

Бруклин, Нью-Йорк

Шуквит пен оның досы Бразилияның Кашуэйра қаласына барғанда аптап ыстықтан қашып, екі бейтаныс баланың үйін паналады. Балалардың бірі үйіндегі марғауды үстелдің үстіне шығарып еді, тордағы құс тыпырлап, қашуға тырысты.

Пол Илайа Клайн

Худ-Ривер, Орегон

Клайн үйіне қайтар жолда шөп арасында тышқан аңдып отырған бір мысықты көрген. Оны түсіру үшін көлігінің үстіне шыққаны сол екен, мысық шөптің ішіне зып берді.

       

Пікір жазу