Орманшы үйінің әсемдігі

01

Архитектуралық көркі көз тартатын, сызбасы жан-жақты ойластырылған мына екі қабатты үйді көрген адам таңырқай қарап қалары анық. Қарқаралы тауларының баурайында осыдан 104 жыл бұрын салынған бұл үй жай ғана үй емес, тұмса табиғатпен үндестік таба білген бірден бір музей іспетті. Тегіс алқапта жападан жалғыз тұрған ол үйде қазір адам тұрмағанымен Қарқаралы ұлттық паркінің қамқорлығына кіретіндіктен темір шарбақпен қоршалған.

02

Тұрғындар арасында «орманшы үйі» деп аталып кеткен музей-үй Қарағанды облысы аумағындағы Кімасар елді-мекені маңында орналасқан. Бұл үйді осы аймақта ең алғаш орманшы қызметін атқарған Л. Садовничий деген азамат салдырған екен. Ол негізгі қызметінен бөлек Қарқаралы топырағына Сібір шыршасы мен балқарағай ағаштарын өсірумен де айналысқан екен.

03

Бөренелерден қиып салынған екі қабатты ғимараттың іші-сырты өрнектермен әшекейленіп, түрлі фигуралы сынамалармен көмкерілген. Бұл ағаш үйді өрнекті етіп салған, оны ою өрнектермен көркемдеген ағаш шебері И.Я Сметанкин болатын.

04

05

06

07

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу