Аспалы жол дәуірі келе жатыр

head01Қай заманда да көлік саласына жолаушылар мен жүктерді діттеген жеріне мейлінше жылдам және қауіпсіз жеткізу басты талап болып қойылған. Ал бәсекелестік экономиканың қай тармағын алып қарасақ та қызып-ақ тұрғаны белгілі. Алайда ондай бәсекеде оқ бойы озып шығу бағы әркімнің маңдайына жазыла бермейді. Сондықтан болар кейінгі он жылдықта жолаушыға таласқан автобустар жеңіл көліктермен, ал поездар ұшақтармен жарыса бастаған. Міне, сондай поездардың бірін ресейлік «RSW Investment Group Ltd» компаниясы ұсынып отыр. Компания «Sky Way Invest Group» сауда маркасын Қазақстан нарығына енгізуді көздейді. Сымды-релспен жүретін ол көлік іске қосылар болса, онда Астана мен Алматы арасын бар болған 2 сағат 10 минутта жүріп өтуге болады екен.

002

003

Осы компанияның Қазақстандағы өкілі, «ҚазақТранснет» ЖШС директоры Жәмила Жақыпқызы Жүсіпбекова ханыммен тілдескенімізде, төмендегідей ақпараттардан хабардар болдық. Ендігі сөз кезегі Ж. Жақыпқызында:

Өткен тарихқа көз салсақ, әлемді, адамзаттың тұрмысын өзгерткен бес үлкен технологиялық жаңалықтың болғаны айтылады. Олар: тігін станоктарының пайда болуы, бумен жүретін көліктердің жүре бастауы, ішкі жануға негізделген көліктердің шығуы, электр тоғының пайда болуы және микроэлектрониканың іске қосылуы. Қазір адамзат қауымы осындай алтыншы жаңалықтың ашылуы алдында тұр. Ол – Анатолий Юницкий ойлап тапқан Sky Way (Скайвэй) желілі транспорт технологиясы, яғни сымды-рельстік эстакадалық жолдар. Онымен өнеркәсіптік, сұйық және арнайы жүктерді сағатына 120 шақырым жылдамдықпен 10 мың шақырымға дейін тасымалдауға болады. Бұл көлік өзінің үнемділігі, жылдамдығы және тиімділігімен ерекшеленеді. Дәстүрлі теміржол транспортына қарағанда, оны құрау мен күрделі жөндеуден өткізуге шығатын шығын бірнеше есе арзанға түсетіні былай тұрсын, ол көлік түрі есе қауіпсіз болып табылады. Өйткені бұл  көлік бұрылмастан,  төтесінен тіке жүретіндіктен, жолында әлдебір тіршілік иелерімен соқтығысуы мүмкін емес. Рельстің жазық басы мен цилиндрлік болат доңғалақ қозғалыс кезінде өте аз шығын кетіруді қамтамасыз етеді. Айталық, бұл аралықты Sky Way сағатына 450 шақырым қашықтықты 1 сағат 40 минутта жүріп өтсе, жолақысы 1300 теңге болмақ. Ал ұшаққа отырған адам 900 шақырым қашықтыққа 3 сағат уақыты мен 16 мың теңгесін жұмсайды. Электр тоғымен жүретін «Сапсан» поезы болса сағатына 200 шақырым жылдамдықпен 4 сағатта жүріп өтсе, жолақысына 17 мың теңгеден артық ақша жұмсалады. Сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүріп өтетін автокөлікке ондай қашықтықты жүріп өту үшін 9 сағат 30 минут қажет. Ал пойыздардың жылдамдығы тіптен төмен. Олар бұл қашықтықты 11 сағат жүреді. Осының өзі-ақ көлік бұл түрінің қаншалықты үнемді әрі жүрдек екенін аңғару қиын емес.

004

Жоспар бойынша бұл көлік қалалық, жүк тасымалдайтын және жоғары жылдамдықты болып 3 модельге бөлінеді. Жоғары жылдамдықты поезбен жолаушы тасымалдаудың өзіндік құны магнитті жастықпен жүретін пойыздан 5, ал ұшақпен салыстырғанда 10 есеге арзан болмақ.

005

006

Фото: skywayinvestgroup.com

    

3 пікір жазылған

Пікір жазу