Сахна сыртындағы өмір

Ма Хоанг Ан өзінің жұбайы Нгуен Тхи Тху Хиеп есімді акробатпен Хошиминдегі циркте дайындалып жатыр. Олар 2012 жылы отау құрған. Әуеде өнер көрсету үшін күніне екі рет жаттығады.

Мәтін, фото: КРИСТИАН РОДРИГЕС

Цирк дегеніміз – көрерменді баурап алатын қойылым. Алайда мен үшін нағыз қызық сахна сыртында өзім куә болған екі бірдей вьетнамдық цирк қызметкерінің күнделікті тіршілігі әртістердің сахнадағы өмірімен біте қайнасып кеткендей.

Нгуен (ортадағы) Хошиминдегі қойылым алдында қыздырынып жатыр. Вьетнамдағы цирк әртістері айына шамамен 150 доллар табады. Оған қоса әр қойылымға төрт доллардан төленеді. Бұл ақша күнкөріске жетпейді. Сол себепті, әртістердің көбі жеке сауық кештерінде немесе түнгі клубтарда қосымша жұмыс істейді.

2009-дан 2012 жылға дейін үш рет сапарға шықтым. Соның сегіз айын Вьетнамда өткіздім. Ханойдағы циркті көргенде оның кереметіне тамсандым. Ал әртістерімен жақын таныса келе, олардың жанкешті жұмысы туралы жазуды мақсат еттім.

Алайда ә дегеннен тіл табысу оңайға соқпады. Цирк әртістері жеке өмірін құпия ұстайды. Сондықтан олардың сенімдеріне ие болу үшін біраз тер төгуіме тура келді. Соңғы сапарымда Ханойдағы қаңырап тұрған циркте төрт ай бойы тура солар сияқты тіршілік еттім.

Ақыры, ойым жүзеге асты…

Ханой саябағында қойылым басталар сәтте Вьетнам цирк федерациясының қызылды-жасылды киінген әртістері дайын тұрады. Сағат тілі бойынша, үстіңгі қатардан солдан оңға қарай: Нгуен Линн Чи; Луу Ван Куонг; Кхан Чи және Тхи Хуонг Фам пен Дуонг Тхи Кюен. 1956 жылы негізі қаланған ВЦФ – Вьетнамдағы ең ескі труппа. Хошимин қаласындағы цирктен айырмашылығы үкімет тарапынан қаржыландырылады. Сондай-ақ әртістер баспанамен қамтамасыз етіледі.

Әртістердің дені шағын ауылдардан келген. Олар күнде таңсәріде дайындалады және күніне бірнеше қойылым қояды. Ханой мен Хошиминдегі жарқ­жұрқ сахналардың сыртқы өмірі осындай адам айтқысыз қиындықтарға толы.

Әртістердің дені шағын ауылдардан келген. Олар күнде таңсәріде дайындалады және күніне бірнеше
қойылым қояды. Ханой мен Хошиминдегі жарқ­жұрқ сахналардың сыртқы өмірі осындай адам айтқысыз қиындықтарға толы.

1 пікір жазылған

Пікір жазу