Шырылдауық шегіртке

DPP_0414 copy

Жазды күндері ауылшаруашылық саласына орасан зор залал келтіретін зиянкестер ішінде шегіртке бірінші аталады. Себебі оның қоршаған ортаға келтірер пайдасынан гөрі зияны көп. Бунақ денелілер отрядына жататын мұндай жәндіктер саны кенет көбейсе шығынға ең алдымен дихандар ұшырайды. Шегірткемен күрес шарасы дер кезінде қолға алынбаса онда оларға дәнді-дақылдардан бөлек, жер бетіне өсіп шыққан барлық шөп-шалан мен қурай-қамыстың түгін қалдырмай жайпап өтетіндей күш бітеді.

Көздері үлкен, аузы азығын кеміруге жақсы икемделген, ал артқы аяқтары алдыңғысынан бірнеше есеге ұзын болатындықтан олардың ұзаққа секіретіні былай тұрсын, артынан жүздеген метрге ұшып кете барады. Негізгі қауіп те осында болып тұр. Олар бір күнде ондаған шақырым қашықтықты басып өтеді.

Шегіртке тұқымдас жәндіктер шекшек, саяқ, шілделік, бұзаубас болып бірнеше түрге бөлінсе, әлем бойынша бұл жәндіктің 7 мыңға жуық түрі бар.

Әдет те маусым айларында жұмыртқалап, тамызда ғана қанаттары қатаятын шегірткелердің ішінде біздің елімізде саяқтың әсіресе шұбар саяқ және көгілдірқанат саяқ деген түрлерін көптеп кездестіруге болады. Олар Сырдария, Іле, Жайық, Алакөл мен Балқаш секілді су-нулы аймақтардағы құмдарда жұмыртқалайды.

Ал мына көкқасқа аналық шегіртке құрсағының ұшындағы қысқа жұмыртқа салғышымен жерді шұңқырлап, ерекше безден бөлініп шыққан көбікті затпен бірге жұмыртқа салады.

Фото: Юрий Варыгин

    

1 пікір жазылған

Пікір жазу