Уакодағы мамонт саябағы

ВАКО, TЕХАС 2015 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНДА НЕГІЗІ ҚАЛАНҒАН Төбесі шатырланып, мамонт сүйектерін жақыннан көруге ұсынылған осы бес акр жер Ұлттық саябақ жүйесіне жақында ғана қосылған еді.

ВАКО, TЕХАС
2015 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНДА НЕГІЗІ ҚАЛАНҒАН


Төбесі шатырланып, мамонт сүйектерін жақыннан көруге ұсынылған осы бес акр жер Ұлттық саябақ жүйесіне жақында ғана қосылған еді.


2O6A2455

1978 жылы Техастың кеуіп қалған өзен арнасын зерттеу барысында екі жігіт сиырдікінен бірнеше есе ірі қаңқа тауып алды. Бэйлор университетінің маңында орналасқан музейдің қызметкері бұл сүйектерді «осы жерде Мұз дәуірінде өмір сүрген, қазір жойылып кеткен Колумб мамонтының қалдықтары» деп анықтады. Қазба жұмыстары кезінде 20-дан астам мамонт сүйегі табылды. Оның ішінде осыдан 65 мың жылдай бұрын бір уақытта қырылып қалған бір үйір мамонт бар. Сүйектердің орналасуы ересек ұрғашы мамонттардың келе жатқан тасқыннан қорғау мақсатында, төлдерін қоршағанын көрсетеді.

Бұл жер 2009 жылы ресми ашылғанша құпия ұсталды. Кейін Уако қаласы, университет және қайырымдылық қоры бірлесіп саябақ құрды. Сөйтіп олар өздерін Ұлттық саябақ қызметінің қарамағына қабылдауын сұрады. «Бұл біз мүлде күтпеген, пайдалануға толығымен дайын нысан. Сүйектер әлі де табылуда, сол себептен болашақта жаңа қазбалар жүргізуіміз әбден мүмкін», – дейді ҰСҚ кураторы Грег МакДональд. —A.Р. Уильямс

    

Пікір жазу