Қатер жылжып келеді

Қытайдағы өсім

ҚХР экономикасы 2005-2010 жж. екі есе өсті. Осы уақыт ішінде елдің шығысында озон қалыптастыратын азот оксид шығарындылары 21%-ға артты.

Ластануға жол ашық

Күші мен бағыты өзгермелі субтропикалық жел ағымы (jet stream) әлемдегі ауа айналымына жауапты. Мұндай жел қалдықтарды Қытайдан АҚШ-қа, АҚШ-тан Еуропаға жеткізеді.

ortho_tropo_v15-FINAL-FP-КАЗ

 

Еркін-тропосфералық озон

Жағылған жанармай азот оксиді мен монооксид көміртегін шығарады. Күннің ықпалымен бұл екеуі озон қабатын құрады. Бір жерде қысқарған озон қабатының орнын жаһандық ауа айналымы толықтырып отырады.

АҚШ-тағы қысқарту

Қытайдың қарқынды өсуі кезінде Америка заңы ел батысындағы азот оксид шығарындыларын 21%-ға қысқартты. Бұл жетістіктер транстынықмұхиттық қалдық салдарынан жоққа шығарылды.


Ауаның ластануына көпшілік көп көңіл бөле бермейді. Оған арадағы келісімшарт, шекара мен мұхит та шектеу бола алмайтын бұл мәселе осылайша тез арада әлемдік ахуалға айналады. Ол қандай жылдамдықпен, қалай таралады? Осы сұраққа жауап іздеу үшін АҚШ пен Голландия ғалымдары ең көп парниктік газ шығаратын Қытай аспанын бақылап, зиянды қалдықтардан құралған озон қабатының бағытын зерттеп көрді. Жер серігі түсіріп алған суреттер арқылы мамандар «аспанасты елінен» шыққан озон Тынық мұхитын басып өтіп, АҚШ-тың батыс жағалауына дейін жететінін анықтады. Ал бұл 2005-2010 жылдар аралығында озон қабатын ластауды 43 пайызға дейін қысқартқан АҚШ еңбегін жоққа шығарғанмен тең.

ozone_heights_v10-FINAL-FP-каз

Ауа ластануының озон қабатына тигізер зардабы мол. Озонның басым бөлігі (ең оңай бақыланатын газдың бірі) жер бетіне жақын орналасқан. Тропосфераға жеткен озон улы газға айналып, ауа сапасын бұзады. Нәтижесінде тіршілік атаулының тыныстауы қиындайды. Ал одан жоғары тұрған стратосфера қабаты жер бетін радиациядан қорғайтынын ескерсек, бізді не күтіп тұрғанын болжау қиын емеc.

ortho_surf_v5-FINAL-FP-каз

ОЗОННЫҢ БЕТКІ ҚАБАТЫ

Озон беткі қабатының қозғалу бағыты жер бедері мен ауа ағымына байланысты. Алайда Қытайдан шыққан қалдықтардың басым бөлігі смог болып шығыс Азияда тұрақтап қалады.


Қытайдың өсіп келе жатқан экономикасы бұл ластануға тура пропорционал. Алайда алпауыт елдерден шыққан ауаға зиян қалдықтар сол орында қалып қоймайды. Мысалы, АҚШ-тан шыққан газдар Еуропаға қарай жылжиды. «Біреу ластайды, ал басқа біреу зардабын тартады», – дейді атмосфера химигі Уиллем Верстраетен. – Даниел Стоун

    

Пікір жазу