Кемесінен айырылған капитан

АҚШ КЕМЕСІ INDIANAPOLIS. 

GettyImages-514945108

АҚШ-тың Indianapolis ауыр крейсері 1945 жылдың 26 шілдесінде Тынық мұхиттың солтүстігіндегі Тиньян аралына кеп аялдады. Ол содан 11 күннен кейін Хиросимаға тасталатын атом бомбасының бөлшектерін әкелген-тұғын. Бірақ Indy-дің командасы үшін соғыстың ең ауыры әлі алда еді. Төрт күннен кейін, Филиппинге барар жолда крейсерге жапон сүңгуірі шабуыл жасады. Кеме 300 адамымен бірге 12 минуттың ішінде суға батып кетті. Қалған 900 адам бес күн бойы су ағынымен қалықтағанымен олардың тек 317-сі ғана аман қалды. Бұл АҚШ теңіз флоты тарихындағы ең қайғылы апат болды.

Бұл, сондай-ақ АҚШ теңіз флотының ең масқара жеңілісі де болатын. Теңізшілер жарақат, галлюцинация, үсу, тұзды суға улану, акулаға жем болу тәрізді түрлі азаптан ажал құшты.

Бірақ ол өлімдердің көбісінің түпкі себебі біреу-ақ: әскери-теңіз флотының Indianapolis-тің келесі айлаққа кешігіп келгенін байқамау және анықтамау. Ешқандай іздестіру тобы жіберілмеген; судағы теңізшілерді кездейсоқ бір ұшақ байқап қалып, құтқарған. Айыптан құтылу үшін әскери-теңіз флотының кеме капитаны Чарльз МакВей сотталды. Чарльз МакВей – соғыста кемеден айырылған деген кінәмен сотталған бірден-бір капитан. Кейінірек, ол өз-өзіне қол салады. Оның кінәсін жоққа шығаруға арналған науқаннан кейін ол 2000 жылы ақталды. Әйтеуір, Indy-ден тірі қалғандар бастарынан кешкеннің шынайы тарихын атап өту мүмкіндігіне ие болды. — GH – Глен Ходжес

BETTMANN/GETTY IMAGES

    

Пікір жазу