Маңғаздана басып келеді

01

Қазақ көктем айларын «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағына» теңеген. Және ол теңеу бекер айтылмаса керек. Себебі алты айға созылған қытымыр қыстан кез келген малдың аман шыға алмасы белгілі. Малдың аман қалуына мал иесінің қысқа жиған жеп-шөп қорынан бөлек, әр жердің табиғи ерекшеліктерінің де әсері бар.

02

Мәселен, құрғақшылық жылдары еліміздің Батыс және Оңтүстік аймақтарында кездесетін түйе малының алды шығынға ұшыраса, арты көк шөпке әрең ілігеді. Ал, Балқаш көлі айналасындағы түйелердің жөні бөлек. Қысы-жазы жайылымда болатын олар өркешін тік ұстаған бойы, ондағы май қорын пайдаланбастан қыстан ширақ шығатындығымен ерекшеленеді. Осыдан кейін «Балқаш көлі – қазақтың маңдайына біткен бағы» демей көріңіз. Ал көл маңында орналасқан әр ауылда мұндай түйелер жүздеп саналады.

03

Мына түйелер КСРО кезінде балықшылар ауылы атанған «Тасаралдағы» бір ғана жеке шаруашылыққа тиесілі.

04

05

06

Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарымен шектесетін Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан ойпаттағы тұйық көл. 3 миллионға жуық адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігі нақ осы көлге тікелей байланысты. Көлдегі балық қорын айтпағанда, оның жағалауы да мал шаруашылығына өте қолайлы саналады.

07

08

09

10

11

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу