Өзімнен аумайды…

Хонсю аралындағы Джошин’этсукоген Ұлттық саябағында қарлы боран соғып тұр. Тас үстінде отырған жапон макакасы сілкініп жатса, екіншісі ыстық бұлақтың ішінде жылына алмай әлек.

Хонсю аралындағы Джошин’этсукоген Ұлттық саябағында қарлы боран соғып тұр. Тас үстінде отырған жапон макакасы сілкініп жатса, екіншісі ыстық бұлақтың ішінде жылына алмай әлек.

Мәтін, фото: ДЖАСПЕР ДУСТ

Альпілік қайнар бұлақтарда маужырап отырған жапон макакаларының суреттері жетіп артылады. Ал мен осынау әйгілі қар маймылын басқа қырынан көрсеткім келді. Әрқайсысының өзіне тән белгілері мен ерекшеліктерін фото тілімен жеткізуді көздедім. Сондай-ақ осы жұмысым арқылы адамдар макакалардың мәдениеттегі орны мен оларды қорғаудың маңызын түсінер деп үміттендім.

Жапон макакасы өз туыстарының ішіндегі қиыр солтүстікті мекендейтін жалғыз тіршілік иесі. 2007 жылы Джигокудани Яен-Коуэнге (жабайы қар маймылдары саябағы) алғаш барғанымда макакалардың адамға қатты ұқсайтынын көріп, таңғалдым. Олардың бет қимылдары мен іс-әрекетін түсіну өте оңай. Шынымды айтсам, айнадағы түріме немесе қыздарыма қарағанда осы мақұлықтарды көргендей боламын.

Қысқы Джигокудани саябағында жапон макакалары ыстық судың ішінде отыр. Мұнда ауа температурасы нөлден төмен. Ал су температурасы 35 градустан асып жығылады. Буы бұрқыраған жылы судың ішінде маужырап отырған маймылдар көбінесе қалғып, ұйықтап кетеді.

Содан бері бұл жерге сегіз рет келіппін. Бәрін қосқанда, шамамен, екі жарым ай болады. 1960 жылдары макакалардың онсейнде (бұлақта) шомылғанын көрдім. Алайда олар келушілерге санитарлық қолайсыз жағдай тудыратын. Кейін, макакаларға арналған бөлек хауыз жасалды.

160-қа жуық маймыл шомылатын бұл жер бүгінде туристер арасында өте танымал. Сондай-ақ ол – жергілікті халықтың нәпақасы. Әлемнің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан адамдар саябақ маймылдарын көру үшін билет сатып алады.

Қар маймылының қос бірдей баласы бір-біріне жабысып, қысқы суықта жылынуға тырысуда. Осынау ақылды әрі әлеуметтік бейімділігі жоғары жануарлар Жапонияның төрт бірдей негізгі аралының үшеуінде тіршілік етеді.

Ұзақ жылдар бойы зерттеуден кейін кейіпкерлерімнің түр-тұлғасын барынша шынайы жеткізіп, ерекше мінез-құлқын паш етуді мақсат тұттым. Адамдар осы маймылдардың денсаулығына және туризмнің оларға тигізетін әсеріне назар аударғанын қалаймын.

Макака саябақ қызметкерлері тастаған тамақты алмаққа аяғын созып жатыр. Маймылдардың өзіндік айла-тәсілдері бар. Кейбірі тереңге сүңгіп, су астында жүзіп жүреді. Енді бірі мына маймыл сияқты судағы тамақты аяғымен қармайды.

Жапон макакалары теңіз деңгейінен шамамен 850 метр биіктіктегі саябақ суында шомылып жүр. Бұл жердің ауа райы оларға қолайсыз болуы мүмкін: қыста бір метрден астам қар жауады. Маймылдар жылы суға суықтан қорғану үшін түсетін секілді.

Пікір жазу