Мұз құрсауындағы Балқаш

Балқаш мәселесіне бұған дейін де бірнеше мақала арнаған едік. Көлдің қысқы жағдайын байқау үшін ақпан айының басында «National Geographic Қазақстан» редакциясы Астана-Балқаш бағыты бойынша тағы да жолға шықты.

Авторы: Дәурен Құдайберген, фото: Ерболат Шадрахов, Бекзат Сайназар

Күрежол бойында байлаулы тұрған түйе. Қарағанды облысы Шет ауданы.

Күрежол бойында байлаулы тұрған түйе. Қарағанды облысы Шет ауданы.

Күн батып, қас қарайған шақта 650 шақырымды артқа тастаған біз Балқаш қаласына да келіп жеттік. Қаланы жан-жақты тану үшін келесі күні іс-сапарымызды қалалық өлкетану музейін аралаудан бастадық. Онда бізді ғылыми қызметкер Меруерт Ағылбаева қарсы алып, аймақ тарихы, мәдениеті мен жергілікті тұлғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

YSH_3590

Қазақстан бойынша Балқаш өңірі қола дәуірі ескерткіштеріне, жан-жануарлар мен қорымдарға бай. Мұндағы қыш-құмыра, балбал тас, ХІ-ХІІ ғасырларда пайдаланылған дулыға, сауыттар мен Саяқтан табылған Таңбалы тастар музейдің ең құнды жәдігері болып табылады.

11

YSH_3588

YSH_3611

YSH_3601

Балқаштың Солтүстік-Батыс өңірі мыс, алтын, күміс секілді құнды металдарға да бай болғандықтан өндіріс орындарының басым көпшілігі осы аймақта шоғырланған. 1967 жылы Балқаштағы кен байыту комбинатында өндірілген мыс Лондонда өткен түсті металдар биржасында ең таза металл ретінде тіркелген.

YSH_3688

YSH_3658

Мына металл құймалары қала мен комбинаттың әр жылдардағы мерейтойы қарсаңында шығарылыпты. Ал алтын мен күміс 1997 жылдан бастап өндіріле бастаған.

YSH_3646

1928 жылы Балқаш қаласынан 12 шақырым жерден ашылған Қоңырат, одан кейінгі жылдары табылған Саяқ пен Шатыркөл секілді кен орындары әлі күнге дейін комбинаттың негізгі шикізат базасы болып табылады. Бір кезде бұнда 12 мыңға дейін адам жұмыс істеген. Бүгінде комбинат өнімдері сым, бума немесе парақша түрінде оннан астам елге экспортқа шығарылады. Сондай-ақ 1950 жылдан бері қалада жылу электр орталығы (ЖЭО) жұмыс істеп келеді.

19

15

02

«Көлдің Солтүстігінде орналасқан мұндай өндіріс орындары қаланың тұрмыс-тіршілігінен бөлек, ауа бассейні мен көл экологиясына да тікелей әсері бар. Мәселен, Балқаштың ауасы ел бойынша ең лас саналады. Балқаш қаласының ерекшелігі ондағы желдің бағыты бір тәулікте 360 градусқа айнала соғып тұрады, оны өндіріс орындарынан шыққан түтінге қарап та байқауға болады, – дейді Қарағанды облыстық экологиялық бақылау департаментіне қарасты мекемеде 35 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеген экология инспекторы, бүгінде зейнеткер Рымгүл Мәшүрбекова. – Балқаш көліндегі апатты жағдайға бірнеше рет куә болдым. Оның алғашқысы адами факторлардан болса, екіншісі табиғи апат санатына жатқызылады».

IMG_1144

YSH_5015

YSH_5058

Кез келген өндіріс ошақтарының жұмыс істеп тұрғаны елдің экономикасына пайдасы зор. Алайда тұрғындарының тыныс жолдары тарылтып, денсаулықтарына улы түтіннің келтірер залалы көп болып тұр.

Рымгүл апай алғашқы апатты жағдай 1975 жылы қаланың тұрмыстық суларын (кәріз) айдайтын құбырдың істен шығуынан болғанын және ол лас су көлге құйылғанын айтады. Өкінішке орай, ол кезде болмаған қаланың тұрмыстық суларын тазартатын қондырғы әлі күнге дейін салынған жоқ.

Ал, Балқаш ЖЭО салынғанда кәсіпорын пайдаланған жылы суды суытуға арналған ұзындығы 2,5 шақырымға созылатын ашық құбыр қоса салынғанымен бұл лотокқа мыс зауытынан да су құйылатын. Соған байланысты кейбір жылдары судың құрамында химиялық қоспалардың мөлшері көбейіп, көл суының тазалығына айтарлықтай кері әсерін тигізген еді. Осыны ескерген экологтар бұл мәселені қайта қайта көтере бергеннен кейін, мыс зауытының суларын көлге құю 1989 жылы мүлде тоқтатылды.

Тарихи деректерге жүгінсек, 1937-53 жылдары көлге кен-байыту фабрикасынан шыққан құм аралас су тосқауылсыз тікелей құйылып келген. 1953 жылы Балқаш кен-байыту комбинаты (БГМК) қалдық қоймасын іске қосқанда, ол кен байыту кезінде құммен бірге шығатын реагенттерге тосқауыл бола алды. Мәселені қайта-қайта көтеру арқылы БГМК-ның іс-шараларының арқасында 1990 жылдары көлге кәсіпорыннан су жіберу мүлдем тоқтатылғаны былай тұрсын, су арнайы жүйеден өтіп, фабрикаға қайта жіберілетін болды.

Қазіргі таңда, көлге ЖЭО-нан су тасталынады, оны шешуге техникалық мүмкіндік жоқ деп түсіндіреді кәсіпорын.

Екінші қауіпті жағдай 1986-87 жылдары Балқаш көлі теңіз деңгейінен 341 метрге төмендеп кеткен уақытта орын алды. Ол кезде Солтүстік Балқаштағы тұз мөлшері бір литр суда 1 грамнан 2,5 грамға артып кетіп, көлдің тіршілігіне айтарлықтай қауіп төндірген. Қазір көл суы теңіз деңгейінен 342 метрге жоғарылағандықтан жағдай қалыпты саналады.

68

Сапарымыздың үшінші күні балықшылардың қыс айларындағы тіршілігін өз көзімізбен көру мақсатында күн қылаң бере Балқаштан оңтүстік-шығысқа қарай 90 шақырым жердегі Тасарал ауылына жол тарттық. Елдімекенге кіре берісте бізді ауыл әкімі Аян Смайловтың өзі қарсы алды. Әкім өзі басқарып отырған ауылының бүгінгі жай-күйі, өткені мен кеткенін баяндап, шежіресі мен тарихы жайлы әңгіме өрбітті.

«Бұл жерге қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас қолбасшысы Ағыбай Қоңырбайұлының анасы Қойсана қыстауға келіп, «тас көп екен,  тас арал ғой» деген екен, содан Тасарал аталып кетіпті, – деп сөз бастады әкім. – Көзкөргендер сонау 30 жылдардағы ашаршылықтан жан сауғалап келгендердің барлығы аман қалғанын айтатын. Жарықтық, бұл жер құнарлы, шұрайлы жер ғой».

12

Ағыбай батырдың ескерткіші. Жорықта үнемі жолы болатындықтан ол «Ақжолтай батыр» атанды. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырды.

КСРО тұсында балық шаруашылығымен Ақтоғай ауданында тек Гүлшат, Шашубай мен Тасарал ауылы ғана айналысқан және ауланған балықтардың барлығы бір ғана «Балқашбалық» комбинатына өткізілетін. «Ал қазір басқа қалалардан да, шетелдерден де келетіндер қытайдың су астында шірімейтін ауларын құрып қояды да, қажет болса жинап алып, қажет болмаса тастап кете береді. Ал ондай немқұрайлылық экологияға орасан залал келтіретіні айтпаса да түсінікті. Өкініштісі ондайларды қадағалап, тәртіпке шақыратын да, көл табанын тазалайтын да дәл қазір ешкім жоқ, – деп кеийді Аян Смайлов. – Жергілікті балықшылардың өзі ешқашан көлді бұлай ластамайды, амал жоқ ашыныстарын бізге айтады».

YSH_4359

26

Ауыл ішін аралай жүріп мектеп, медициналық пункт секілді мемлекеттік мекемелерде қызмет ететіндерден бөлек мал шаруашылығымен айналысатындардың да баршылық екеніне көз жеткіздік. Шағын ғана ауылда «шапқылаған» балаларды көргенде қуанышымызды жасыра алмадық.

39

56

46

Аян мырза бізге ауылды аралата жүріп Тасаралда 2001 жылға дейін балық өңдейтін цехтың жұмыс істегенін, тіпті, көл жағасында алып катерлердің кезекте тұрғанын айтып қалды.

42

Түс ауа әкім бізге ауылды аралатып болғаннан кейін Берік Бекмағамбетов есімді балықшымен таныстырды. Әр жылдары түрлі кен орындарында бригадир, механик болып жұмыс істеген Берік Мұсадықұлы қай жаста болмасын ауылдан ұзаған шағында үнемі балық аулауға аңсары ауып тұратынын айтады. «Балық аулау – біздің ата кәсібіміз. Балықшы көлдің бетіне жылдың қай мезгілінде, күннің қай уақытында шығу керектігін түйсіне білгенде ғана көрер нәпақасы артпақ. Бірақ оның артында тартар тауқыметтің де тұратынын естен шығармаған абзал, – деді Берік мырза.

IMG_0474

Кәсіби балықшының айтуынша, әсіресе соңғы жылдары балықты сатпақ түгілі, жеуге де таппай қалатын кездер болады. Соған қарағанда, дәл қазір бүгінгідей жер бетінде адам саны көбейген сайын, суға да, азық-түлікке де сұраныс арта беретіні анық. «Сондықтан балыққа ғана қарап отыруға болмайды», – деді Берік Мұсадықұлы.

YSH_4540

DCIM100MEDIADJI_0023.JPG

Таңғы сағат 7. Үй иесімен бірге жуынып-шайынып, таңғы асымызды іштік. Шайдан соң Берік мырза қорадағы малын жайғауға кетті.

44

IMG_0450

YSH_4187

Бір қараған адамға қысқы Балқаштың айналасы үнемі сұрғылт тартып, көлдің жағасы қайсысы, өзі қайсысы екені білінбей жатқандай болып көрінеді. Алайда ондай табиғи құбылыс ауыл тұрғындары үшін үйреншікті нәрсе.

YSH_3918

IMG_0389

Сағат тілі 9-ға таяғанда Берік аға ұлымен бірге осыдан оншақты күн бұрын салынған ауларды тексеріп қайту үшін қажетті құрал-саймандарын жинауға кірісті. Үйден 10 шақырым жердегі ауға жетем дегенше қалың қарға бірнеше рет малтығып та алдық. Жолға шыққанымызға бір сағат өтпей жатып бірнеше жерден салынған аудың алғашқысына да келіп жеттік.

YSH_4231

IMG_0536

Қысты күндері көлдің әр жерінде күннің бір жылып, бір сууынан осындай мұзқырқалар пайда болады.

Көлдің бетіне шығу үшін мұзқырқаларды тегістеп жатқан сәт. Ауды тартып жатқандары.

Көлдің бетіне шығу үшін мұзқырқаларды тегістеп жатқан сәт.

IMG_0701

51

67

«Осыдан 4-5 жыл бұрын ауға ірі балықтар ілігетін, ал кейіндері балықшының көптігінен бе, жоқ басқа ма көлдегі балық саны азайып барады, – дейді Берік Бекмағамбетов. – Бүгін өздеріңіз көріп тұрғандай ауға ілінген балық тым аз әрі майда».

Берік мырза мен ұлы үшінші аудың орнын аршуға кіріскенде біз Тасаралдан 40 шақырым жердегі Приозер қаласына тарттық. Мақсат – Приозерге жақын әскери полигондардағы қираған ғимараттарды қас қарайғанша суретке түсіріп үлгеру. Полигондағы ғимараттардың жұмыс істейтіні бар, істемейтіні бар, қазақстандық әскерилерге тиесілісі бар, ресейліктерге жалға берілгені бар орындарды араламақ ойдамыз.

72

IMG_0887

YSH_4672

YSH_4666

КСРО тұсында бұл ғимараттардың кейбірінде, қару жарақтармен қатар, аса улы химиялық қоспалардың да сақталғаны жасырын емес. Солардың кейбірі ресейлік әскерилер үдере көшкен жылдары айналаға шашырап, қоршаған ортаға орасан зиян келтірді.

YSH_4761

Балқаш көгершіні – бейбітшілік құсы

Естеріңізде болса, 2014 жылы 20 мамыр күні  Ресейдің «Капустин яр» әскери полигонынан ұшып шыққан «Тополь» баллистикалық зымыраны 2 мың шақырым қашықта жатқан Қазақстандағы Сарышаған полигоны аумағына құлап, полигон маңындағы жергілікті халықтың зәре-құтын алған. Түнгі 23:55-те ұшырылған зымыранның ізі Атырау, Ақтау, Орал, Жезқазған және тағы басқа қалалардың үстінен көрінген. Полигонның бір шеті Балқашқа да тиіп тұрғандықтан басқа бір елдің аумағынан ұшырылған мұндай зымыранның бағытынан жаңылып не көлге, я болмаса кез келген үйдің төбесіне түсу қауіпі тым жоғары еді. Сондықтан аумағы екі Голландияға тең «Сарышағанды» тұтастай бір сынақ алаңы десек те болатындай.

YSH_4507

YSH_4599

Тілеуәлі Көккөзов, Тасарал ауылы мешітінің имамы, бұрынғы балықшы.

Балқаш өңірінің халқы қай заманда да, табиғат пен адамзаттың да қаталдығына қатар төзіп келеді. Бұндай қаталдық оларды тек қайсарлыққа тәрбиелейтіндей.

Біз экспедициядан қайтқан күні Балқаш өңіріндегі ауа температурасы сәл де болса көтеріліп, жол қарая бастаған. Сол кездегі көлдің бетіндегі қалыңдығы 80 сантиметрден асқан мұз қабаты арада екі апта өткенде ғана жұқарыпты.

Балықшылар арасында «балықшының байлығы етек-жеңі кепкенше» деген нақыл сөз бар. Бір балықшы суға кетіп, сүйегі жер қойнауына тапсырылып жатқанда екінші балықшы көлге қайта шығады. Ал бұл балықшының өмірі үнемі қыл үстінде тұратынын аңғартса керек.

DCIM100MEDIADJI_0004.JPG

Бұл басылым Еуропалық Одақ қолдауымен әзірленген. Басылымның мазмұны ЖШС «KAZMEDIA HOLDING» жауапкершілігіне жатады және Еуропалық Одақ көзқарасын білдірмейді.

    

5 пікір жазылған

Пікір жазу