Каспийдің толқындары соғады жағаға

01

Каспий – Еуропа мен Азияны жалғап жатқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Алып жатқан аумағы өте үлкен болғандықтан «Каспий теңізі» деп те айтылады. 

02

Ғалымдар оның атауы ХVI ғасырда теңіз жағасында мекендеген каспи тайпаларына байланысты қойылды деген пікірде. Ол неоген дәуірінің соңында жер қыртысы жоғарыға көтерілген шақта Қара теңізден бөлініп шыққан.

03

Каспи теңізі теңіз деңгейінен 28 метр төменде орналасқандықтан жазды күндері теңізбен шектесетін Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы +55 градусқа дейін ыситын күндер аз емес.

04

Жалпы аумағы 376 мың шаршы шақырымды алып жатқан теңіздің ұзындығы 1030 шақырымды құраса, ал жағалау сызығы 7 мың шақырымнан асады. Жағалау сызығының 2340 шақырымы (29%) Қазақстанға, Ресейге – 9%, Әзірбайжанға – 20%, Түрікменстанға – 21% және Иран Ислам Республикасына – 14% тисілі. Теңізде өсімдіктің 945, балықтың 76, фитопланктонның 414 және зоопланктонның 100-ден астам түрі кездеседі.

05

Оның тағы бір ерекшелігі ол теңіз екі климаттық белдеуді қатар алып жатыр. шығысы қоңыржай жұмсақ болса, оңтүстік-батысы – құрғақ субтропиктті, ал Солтүстігінің қысы аязды болып келеді. Қысты күні бұл аймақта теңіздегі мұздың қалыңдығы 2 метрге дейін жетеді.

06

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу