Есіл ағады, Есіл ағады…

01

Қазақстанда 85 мыңнан аса ірілі-ұсақты өзен болса, соның жетеуі ғана (Есіл, Ертіс, Жайық, Сырдария, Тобыл, Іле мен Шу) қазақ елінің мыңнан астам шақырым жерін басып өтеді. Соның ішінде бас қаламыз – Астананы қақ жарып өтетін бір ғана өзен бар,  ол – Есіл өзені. Оның ел аумағындағы ұзындығы 1400 шақырым.

02

Халықаралық талапқа сәйкес әр елдің астанасын кем дегенде бір өзен қақ жарып, ағып өтуі тиіс. Міне сол талаптың Елордамызда да орындалуына Есіл өзенінің тигізіп отырған пайдасы зор. Бұл өзен ару қаламыздың ажарын одан сайын көркейтіп, экологияға оң әсер ететіні былай тұрсын, қала қонақтары мен тұрғындары үшін жыл он екі ай таза ауамен тыныстап, аптап ыстықта өзенге шомылуға зор мүмкіндік туғызып отыр. Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегінде Кенесары айлағынан басталып, сол жағалауға дейін 45 минутқа созылатын туристік су жолы бар. Әсіресе, жыл он екі ай Есілге қармақ салған балықшылар үшін өзеннің орны бөлек. Бұл тұрғыдан алғанда, Есіл өзені шортан, тұқы, сазан, ақ шабағымен бай. Есілдің балық ресурстарын молайту мақсатында жыл сайын өзен бағалы балық түрлерімен толықтырылып отырады.

03

Есіл ресейлік Объ өзені жүйесіне жатады. Қазақстанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Ресейдің Тюмень, Омбы облыстарының жерімен ағады. Есілдің енінің көлемі 50-70 метрден аспайды, тереңдігі 2 метр ғана, алайда кей жерлерінде 18 метрге дейін жететін терең тұстары да кездеседі. Өзен ағысы баяу, бірақ 80%-дайы қар суымен толығатындықтан, көктемге салым деңгейі көтерілетін кездері байқалып қалады. Құрғақшылық жылдары суы азайып, тіпті, 1937 жылы арнасы кеуіп, ал 1936-1939 жылдар аралығында және 1986 жылы түбіне дейін қатып қалған. Су жинайтын алабы құрғақ болуына және жер асты суларының тұздылығына байланысты Есіл минералдылығы жоғары өзендердің қатарында.

04

05

06

07

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу