Балықтардың іңкәрлігі

GettyImages-GA10842-10

Жұбыңызды өзіңізге ерекше жақын ұстау­дың артықшылықтары бар.

Тас қараңғы мұхиттың бір немесе бірнеше шақырым тереңдігінде су түбін мекендейтін қармақшы балық серік­тестерін іздейді. Ceratioid тұқымда­сының 162 түрі ерекше жұп құрайды: аналықтары аталықтардан әлде қайда үлкен (айырмашылық бір метрге дейін жетеді.). Ең қызығы, олар бір-бірін айы­рықша жолмен табады.

Аталығы делдиген танауымен ана­лықтың су арқылы таралатын феромон­дарын қармап алады. Ол аналықтың басындағы қармауышы арқылы тарала­тын биолюминесцентті сәулені іздейді. Уашингтон университетінің ихтиологы Тед Питчтің айтуынша, мұндай сәуленің пішіні, өрнек пигменттері және жарық толқында­ры аталыққа шағылысуға лайық аналық табуға көмектеседі.

Аталығы қараңғы тұңғиықта серіктесі­нен көз жазып қалмас үшін аналығын денесінен қапсыра тістеп, сол күйде қатып қалады. «Ақыр соңында аталығы мен аналығының терісі бітісіп кетеді», – дейді Питч. Екеуінің тіпті қан тамырлары бірігіп кетеді. Аналығы шағылысуға дайын болғанға дейін аталықтың дене мүшелері қызметін тоқтатып, толық істен шығады.

Дайын болғанда аналығы аталыққа белгі береді. Сөйтіп, аталық суға шәует шығара­ды. Ал аналығы суға шәуетті сіңіріп алатын гел тәрізді қоймалжың жібереді.

Ұрықтандырылған жеп-жеңіл жұмыртқалар осылайша су бетіне қалқып шығады. Олар сол жерде туылып, планктонмен қоректенеді. Питчтің айтуынша, қармақшы балықтар дамып, жетіле бастаған сәтте «вертикалды миграция» жасайды, яғни, өз сыңарларын табу үшін қараңғы су түбіне қайта оралады.

Цератоид қармақшы балық.

Мекен ететін аймағы: Көз келген мұхитың түпкі бөлігі.

Қорғалу Жағдайы: Қауіп-қатер деңгейін анықтау үшін қажетті дерек жоқ.

Өзге деректер: Кейбір аналықтары Haplophryne mollis сияқты бірнеше аталықпен шағылысады. Бізге белгілі рекордтық көр­сеткіш – сегіз.

Патрисия Эдмондс

ФОТО: ПИТЕР ДЭВИД, GETTY IMAGES

    

Пікір жазу