Саяхатшының әр күні тосынсыйға толы

10

«National Geographic Қазақстан» журналы назарларыңызға қазақстандық саяхатшы Андрей Гундаревтің Аустралияны саяхаттап жүріп түсірген суреттерімен бөлісуді жөн санап отыр.

01

Әуесқой саяхатшының айтуынша, Аустралияда адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалғандықтан байлар мен кедейлер арасында алшақтық байқалмайды. Себебі бұл ел халқының басым көпшілігі көп қабатты жаңа пәтерде немесе екі-үш қабатты үйде тұрады, тұрмыс-тіршілігі шамалас. Ал, табиғаты әсем, бастапқы табиғи қалпы жақсы сақталған. «Аустралиядағы ең үлкен қала Сиднейден 40 шақырым қашықтықтағы Авалон ауданы тіптен керемет. Жергілікті халық ол ауданды «жердің бетіндегі жұмаққа» теңейді», – дейді А. Гундарев.

Суы мөп-мөлдір тұнық, аумағы толықтай жасыл желекке көмкерілген, әрі өзінің шағын қоғамы бар Авалонда керемет жағажай мен катерлерге арналған өткелдер жұмыс істейді.

Суы мөп-мөлдір тұнық, аумағы толықтай жасыл желекке көмкерілген, әрі өзінің шағын қоғамы бар Авалонда керемет жағажай мен катерлерге арналған өткелдер жұмыс істейді.

Аустралия – оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ауданы 7 659 861 шаршы шақырымды алып жатыр. Материктің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке дейін 3200 шақырымды құраса, ені батыстан шығысқа қарай 4000 шақырымды алып жатыр. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, ал шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиты қоршап жатыр. Аустралия халқының саны 2007 жылы 1 шілде күнгі мәлімет бойынша 20 001 546 адам.

04

Бұл құрлықты 1606 жылы голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан.

Фото: Андрей Гундарев

    

Пікір жазу