Әлемнің әр түпкірінде бозбалалар қалай ер жетеді?

MM8463_160304_05266

11 жастағы Дрю Мур жігіттік деген ұғымның анықтамасы жазылған жатын бөлмесінде пневматикалық тапаншаларымен суретке түсіп тұр. Ол тұратын Арканзаста аңшылық пен жігіттік – бір ұғым.

Батыс Кенияның букусу тайпасының ерлері таң азанмен үш ұл баланы салтанатты түрде «ер жігітке айналдыратын» ежелгі ғұрыпты орындап, сүндет әнін шырқап барады. «Бұл балалар өмір бойы «шықса – бір төбеде, түссе – бір шұңқыр да» болмаққа серттеселі.

Батыс Кенияның букусу тайпасының ерлері таң азанмен үш ұл баланы салтанатты түрде «ер жігітке айналдыратын» ежелгі ғұрыпты орындап, сүндет әнін шырқап барады. «Бұл балалар өмір бойы «шықса – бір төбеде, түссе – бір шұңқыр да» болмаққа серттеседі.

Киевтің шетіндегі жаздық лагерьде елінің арын таптатпауға шақырған осынау баннердің аясында балалар әскери тактиканың әліппесін үйренуде. Жаттығулар ұлдарды әскери қызметке дайындап, қыздарды отансүйгіштікке баулуға арналған.

Киевтің шетіндегі жаздық лагерьде елінің арын таптатпауға шақырған осынау баннердің аясында балалар әскери тактиканың әліппесін үйренуде. Жаттығулар ұлдарды әскери қызметке дайындап, қыздарды отансүйгіштікке баулуға арналған.

Оңтүстік Африка, Тшифуди, венда тайпасының қолғапсыз төбелесуге дайындалған ұлдары мусангвеге қатысуда. Тоғыз жас шамасындағы ұлдардың еркектік қуаты дамып, шамдануын шектеуге көмектеседі. Ересектер жарыстың төбелеске айналып кетпеуін қадағалап тұр.

Оңтүстік Африка, Тшифуди, венда тайпасының қолғапсыз төбелесуге дайындалған ұлдары мусангвеге қатысуда. Тоғыз жас шамасындағы ұлдардың еркектік қуаты дамып, шамдануын шектеуге көмектеседі. Ересектер жарыстың төбелеске айналып кетпеуін қадағалап тұр.

Әкесі Пити және иті қабанды ұстап тұрғанда Дрю Мур жабайы қабанның жүрегіне пышақ сұғып алды. Бұл – аң аулаудың бастапқы, қолжетімді түрі. Алты жасынан қабанды «жапсырып» келе жатқан Дрю өскенде биолог болғысы келетінін айтады.

Әкесі Пити және иті қабанды ұстап тұрғанда Дрю Мур жабайы қабанның жүрегіне пышақ сұғып алды. Бұл – аң аулаудың бастапқы, қолжетімді түрі. Алты жасынан қабанды «жапсырып» келе жатқан Дрю өскенде биолог болғысы келетінін айтады.

ХХІ ғасырдың ұл баласы қалай ержетеді?

Автор: Чип Браун Фото: Пит Мюллер

Шәдрәк Нионгесаны сүндетке отырғызу таң азанға белгіленген еді.

Батыс Кенияның букусу тайпасында сүндеттелмеген 14 жасар ұл бала алдыңғы күннен бері қауырсынды екі қоңырауды білегіне тағылған металл капсырмаға ұрғылап, сыңғырлатып үй сыртындағы манго ағашының саясындағы лас алаңқайда билеп жүр. Ал ересек достары мен туыстары оны қоршап ап, шыбықтар мен гуава бұталарын әрі­бері сермей, батылдық, әйел және шарап жайлы ән салады.

Түстен кейін Шәдрәк жақындарымен бірге нағашы ағасының үйіне кіріп шықты. Ағасы оған сиыр сыйламастан бұрын, бетінен шапалақпен тартып жіберіп, ол «жігіт болуға дайын адамға емес, төмен етектіге ұқсайтынын» айтты. Букусу тайпасының сүндетке отырғызу рәсімі – сихебодан өтуге сұранған баланың көзіне мөлт­мөлт жас келді. Бірақ ол қорыққаннан гөрі ашуланған жанға көбірек ұқсайтын еді. Әкесінің үйіне оралғанда қоңырауларын қаттырақ қағып, билей түсті.

Кешке қарай тойға жиналғандардың саны елуден асты. Еркектер қолшаммен жарықтандырылған күркелерде ортақ ыдысқа ұзын, қоға тәрізді түтікшелерін салып қойып ерекше оқиғалардың құрметіне қайнатылатын буса атты жүгері сырасын сыздықтатып отыр. Сағат тоғыз жарымда қонақтар жаңа сойылған сиырдың көлкілдеген ішек­-қарнын қоршап отыра қалды. Шәдрәктің әке жағынан келген көкелерінің бірі бұлтиған бүйен қарынды тілді. Оның тінін екі бөліп жыртты, сосын жасыл түсті, жартылай қорытылған тамақтың бір уысын көсіп алды да, немере інісіне жақындап:

– «Біздің әулетте ешкім қорқақ болған емес. Қане, түзу тұр!», – деді даусын көтеріп. Әскери курсанттай, қайсарлықпен айдалаға көз тастап, амалсыз күй кешіп тұрған Шәдрәктің бетінде қолшам жарығының сәулесі ойнайды. Сосын, өмірінде мұндайды талай рет көргендердің өзін таңдандырып, әлгі кісі немере інісінің кеудесіне лас ботқаны лақтырып жіберді де, беті мен басына өршелене жаға бастады. Одан кейін сиырдың қарын жағасын Шәдрәктің мойнына ілді де, екі бетінен шапалақпен тартып­тартып қалды.

«Қобалжысаң немесе айғайласаң, қайтып оралма, – деді көкесі. – Өзеннен өт те, ары қарай жүре бер. Сен енді жауынгерсің. Көзіңді шұқыса да кірпігіңді қақпа!». Омусинде де сүндеттелмегенге кері қайтар жол жоқ.

Сол түні Шәдрәк бірнеше сағат бойы бусаға бусанып, масайған хумниялардың алдында би биледі. Ересектер оған жігіт болудың моральдық тұрғыдан не екенін түсіндіріп, үлкен кісілер мен әйелдерді құрметтеу, тұрмыстағы келіншектерден бойын аулақ ұстау сияқты кеңестерін беріп жатты. Оған ұн, тауық және аздаған ақша сыйлады. Шәдрәктің мінезін күлкіге айналдырып, оның ержүректігіне күмән келтірді. Түн ортасында оған демалуға рұқсат берілді. Сағат екіде тұрды. Бір сағаттан кейін чинимба қоңырауын өршелене сыңғырлатып, билеп жүрді.

Аппалачпен бес күннен аса 90 шақырымдай жаяу келген Виктор Ривера сыныптасын құшақтап жатыр. Нью-Джерси, Ньюарк, Сант Бенедикттегі ұлдарға арналған мектеп ер жетуді жақсы түсіндіреді. Мектептің ұраны: «Бауырыма тиген соққы маған да тиеді, бауырыма көмектескен маған да жәрдемдеседі».

Аппалачпен бес күннен аса 90 шақырымдай жаяу келген Виктор Ривера сыныптасын құшақтап жатыр. Нью-Джерси, Ньюарк, Сант Бенедикттегі ұлдарға арналған мектеп ер жетуді жақсы түсіндіреді. Мектептің ұраны: «Бауырыма тиген соққы маған да тиеді, бауырыма көмектескен маған да жәрдемдеседі».

Үй ішімдігінен көздері ісініп кеткен кейбір туыстары мен достары: «Күн шығайын деп тұр. Пышақтың иісін сезесің бе? Таң атайын деп қалды!», — деп айғайлай әндетеді.

Мен Үлкен рифт аңғарынан күннің көтерілуі мен Шәдрәктің ер жетуінің шарықтау сәтінде 91 жасында қайтыс болған әкем мен 12 000 шақырым қашықта, Нью-­Йоркте ұйықтап жатқан 17 жасар ұлым Оливерді ойладым. Бәлкім, ол ояу шығар. Бәлкім, ноутбугын кеудесіне қойып, деректі спорт фильмдерін немесе Голливуд көркем фильмін көріп жатқан болар.

Бірдей мақсатқа жетуге талпыныс білдірген екі ұлдың жолдарының әркелкілігі таңданарлық. Шәдрәк та, Оливер де ана жатырында тестостероннан еркек жынысты боп жаратылды, екеуі де өтпелі кезеңнің ортасында, күшті гормонның жаңа ағынымен толыққанды еркек боп қалыптасып келе жатыр: денелеріне түк өсуде, бұлшық еттері бұлтыңдап, иықтары жазылып, жыныстық белсенділігі артуда. Тәуекелге барғыштап, әлеуетті агрессиялық деңгейі өсуде. Екеуі де миллиондаған жылдар бойғы эволюциядан өткен мінез-­құлық үрдістері мен үлгілерін бойларына сіңіріп келе жатыр.

Алайда Шәдрәктің ер жетуі әйел мен еркек рөлі әлі де болса дәстүрге негізделген, кем дегенде, 200 жылдық (кей тайпаларда сонау көне заманнан келе жатқан) ғұрыпты атқаратын ортада өтіп жатыр. Ал Оливер болса, гендерлік-­бейтараптыққа жақын, әйел мен еркектің анатомияға негізделген болмысынан алшақ. Ол 2016 жылы АҚШ-­тың Заң, Білім және Қорғаныс департаменттері адамның жынысын туу куәлігі емес, әркім өзі айқындайды деп гендерлік дискриминациямен күрес саясатын мақұлдаған америкалық қоғамда ержетіп келеді.

Леви Титчель Нью-Йорк, Куинстегі дәмханада өзінің ер жынысты туыстары мен хасид дініндегі еркектердің ортасында 13 жасқа толған туған күнін тойлап жатыр. Ол өзі жасаған істер мен күнәлар үшін жауапты боп есептеледі. Еврейлер бұл ғұрыпты мыңдаған жылдар бойы сақтап келеді.

Леви Титчель Нью-Йорк, Куинстегі дәмханада өзінің ер жынысты туыстары мен хасид дініндегі еркектердің ортасында 13 жасқа толған туған күнін тойлап жатыр. Ол өзі жасаған істер мен күнәлар үшін жауапты боп есептеледі. Еврейлер бұл ғұрыпты мыңдаған жылдар бойы сақтап келеді.

Сальвадордағы, Сан-Сальвадор қаласында төтенше жағдайлар қызметінің Comandos de Salvamento тобының мүшелері жұмыс арасындағы бос уақытта демалуда. Бұл жігіттер еркектігін көрсету үшін мұқтаждарға көмек көрсетуді дұрыс көріп, құрдастарын азғырған талай бандыларға тойтарыс берді.

Сальвадордағы, Сан-Сальвадор қаласында төтенше жағдайлар қызметінің Comandos de Salvamento тобының мүшелері жұмыс арасындағы бос уақытта демалуда. Бұл жігіттер еркектігін көрсету үшін мұқтаждарға көмек көрсетуді дұрыс көріп, құрдастарын азғырған талай бандыларға тойтарыс берді.

Ер жетуге апарар жол

Тарихқа үңілсек, әлем халықтары ұл баланы еркекке айналдыру үшін сансыз әдістер мен ғұрыптар ойлап тауыпты. «Көбінесе құпия боп келетін ол әдістердің өзара айырмашылықтары қатты білінеді және олар үнемі даму үстінде», – дейді мәдениет антропологы Гильберт Хердт.

январь-мастер-96

 

Шәдрәктей емес, Оливер жігіт болу үшін әйел мен еркектің дәстүрлі рөліне сүйене алмайды. Оливер әйел полицейлерге де, еркек мейіргерлерге де таңданбайды.

Біздің ортада Оливердің ұл баладан жігітке айналғанын айқын белгілейтін рәсім немесе ғұрып жоқ. Басқа сөзбен айтқанда, еркектікті Оливердің өзі түсінуі керек.

Кейде, ол менің мінез-­құлқыма қатысты сын­пікірлерін ашық айтады. Кейде, сыналатын жерлерде: бақылау жұмыстарында, баға алуда, баскетбол жарыстарында Шәдрәкқа күшпен енгізілген шыдамдылықты ұлымның жұмсағырақ жолмен игеріп жатқанын байқаймын. Оливер ұяң, жұрт оны жігіт сияғы жоқ деп ойлап қалмас үшін терең сезімін жұртқа

көрсетпеуге тырысады. Флейта тарту өнерін тастап кетті, өйткені топтағы жалғыз ұл еді. Майкл Джордан мен Джорж Клуниді еркектіктің символы санайды. Ол он бес жасқа толғанда костюм сыйлауымызды өтінді.

январь-мастер-97

Ғалымдар мен оқымыстылар Оливерге де, ешқайсымызға да ештеңені айқындап бере алмайды. Еркектік және онымен мағыналас мәселелер ғасырлар бойы саясат араласқан мәдениет пен биология туралы айтыс­тартыстардың тақырыбы боп келді. Антропологтар мен әлеуметтанушылар әдетте еркектік – қоғам қалыптастыратын нәрсе деп есептейді.

Кейбір феминист ғалымдар мен зерттеушілер гендерлік айырмашылықты «фальсификация» дейді, ал еркектік белгілер деп жүргеніміздің ұлдарға қатысы перзентханада жаңадан туған нәрестеге кигізетін көк түсті киімінен артық емес. Әрине, бұл әйел мен еркектің ақыл-­ойындағы айырмашылықтар, инстинктке бағыну, ұтымды ойлау, эмоция туралы гендерлік стереотиптерге қатысты. Бірақ ұл мен қыз өсірген көптеген ата­ана тәрізді мен де әке мен анадан немесе тағы біреуден саналы негізсіз пайда болған мінез­құлықтың ар жағында не бар екеніне қызығушылық танытуға мәжбүрмін. Оливердің доп лақтыруға деген алғашқы талпыныстары туралы ойлап отырмын: Нерф доптары, теннис доптары, желімді баудың домалақталған шиыршығы. Париж көшелерінің бірінде келе жатып каштанды лақтырысып ойнағанымыз бар. Оның үстіне, қуыршақтарының ортасында даусын бәсеңдетіп әңгіме-­дүкен құруды ұйымдастыруға қабілетті әпкесі Индияның ар жағында мәдени социализациядан да терең бір нәрсе болуы мүмкін. Ол дайындық мектебіне барардан көп бұрын қуыршағын қос қолымен ұстап, оған келісім жүргізіп жатқан жердегі аудармашыдай бірнеше сағат бойы бір нәрсені сыбырлап айтып отыратын.

16 жастағы Джек Макграт гантельмен жаттығу жасап, Массачусетс штаты Марблхед мектебінің спорт залында регби маусымына дайындалып жатыр. Әлеуметтанушылардың айтуынша, ХІХ ғасырдан бастап АҚШ балаларының бос уақыты көбейіп, олар денешынықтыруға мән бере бастады. Осылайша елде спорт дамыды.

16 жастағы Джек Макграт гантельмен жаттығу жасап, Массачусетс штаты Марблхед мектебінің спорт залында регби маусымына дайындалып жатыр. Әлеуметтанушылардың айтуынша, ХІХ ғасырдан бастап АҚШ балаларының бос уақыты көбейіп, олар денешынықтыруға мән бере бастады. Осылайша елде спорт дамыды.

Шілде айының кешінде Марблхедтегі пиццерияда жоғарғы сынып оқушылары қалжыңдасып отыр. Ер жету дегеннің көп, әртүрлі ұғымы бар америкалық мәдениетте еркектік қасиет іздегенді шатастыруы мүмкін. Ұл баланың сәттілік барометрі көбінесе қыздардың оған деген ықыласына байланысты.

Шілде айының кешінде Марблхедтегі пиццерияда жоғарғы сынып оқушылары қалжыңдасып отыр. Ер жету дегеннің көп, әртүрлі ұғымы бар америкалық мәдениетте еркектік қасиет іздегенді шатастыруы мүмкін. Ұл баланың сәттілік барометрі көбінесе қыздардың оған деген ықыласына байланысты.

«Әйел мен еркектің ақылы бірін-­бірі алмастыра алмайды», – дейді психология оқытушысы Стивен Пиңкер «The Blank Slate» деген кітабында. Қыздар өзге істерге қабілетті. Ұлдар дене күшін шығаруға бейім. Нейробиологияға еңбегі сіңген профессор Джо Герберт айтпақшы, ұлдар қуыршақпен ойнайды, бірақ олардың қуыршақтары төбелесіп қалуы әбден мүмкін.

Он жасқа толарда басталып, 18-­19 жаста шегіне жетіп көтерілетін кей агрессивті мінез-­құлық тестостерон деңгейіне байланысты болуы мүмкін. Ол әдетте, ұлдарда қыздардан он есе көп. 2013 жылы тәуекелшіл мінезі бар жасөспірім ұлдар мен қыздардағы тестостерон деңгейін салыстырған зерттеу еңбегі жарияланды. Балаларға үрленген шарды шертіп қалып, ақша ұтып алу мүмкіндігі беріліп сыналды. Егер шарлар жарылып кетсе, (олар кенеттен жарылуға ыңғайланған болатын) ойыншылар ұтысынан айырылар еді. Зерттеушілер тестостеронның ұлғайған деңгейіне қарап ұлдардың да, қыздардың да тәуекелшілдігін байқауға болатын­-ды. Алайда ұлдар ақшадан айырылатын болса да, шарлар жарылғанда пайда болатын сезімді бастан кешіргенді тәуір көрген. Ал тестостероны салыстырмалы түрде ұлғайған тәуекелшіл қыздар ақшадан айырылып қалмауды көбірек ойлаған.

Еркектіктің көптеген элементтерінің негізі биология екеніне айқын мысалдардың бірі – «андроген сезгіштігінің жоқтығы синдромы» аталатын сирек кездесетін генетикалық жағдай. Нәрестелер Ү хромосомасымен туады, биологиялық тұрғыдан олар ер жынысты, бірақ денесі тестостеронды игере алмайды, сөйтіп әйелдік фенотиптікке ерік береді. Герберт «Тестостерон» деген кітабында бұл синдром «біз еркектік деп атайтын нәрсенің түп-­тамырында тестостерон тұрғанының айқын дәлелі», — дейді.

Сонымен, таң қылаң бере, букусу мәдениетінің қолдауымен де, бозбаланың қанының бір децилитрінде 1200 нанограммнан астам тестостерон бар деп ғалымдардың айтуымен де Шәдрәк солтүстікке, Чвеле өзеніне қарай жаяу жол тартты. Оны отыздан аса жігіт пен әлі қақ­соқ көрмеген бірнеше еркетотай қыз балалар қоршап жүрді. Бұл топ жүгері мен қант құрағы егістіктерінің жанынан қызыл батпақты жолмен асықпай, думандата ән айтып бара жатты. Жетіге он бес минут қалғанда Шәдрәктың қоңыраулары мен металл білезік тоспалары шешілді. Шәдрәк бұтындағы қоңыр түсті шортиын да қатар шешті. Ол көкорай жағалаумен өзеннен гөрі батпаққа көбірек ұқсайтын жаққа қарай жүрді. Артынан көкесі келе жатты. Шәдрәк сиырдың шырышын жуып тастап, үстіне қара-­сұр балшық жағып қайтып келді. Басына қызғыш құстың айдарындай етіп арнайы шөптің сабағын қадап алыпты.

Топ оңтүстікке, Шәдрәктің әкесінің үйіне қарай бет алды, енді олар жолда ниеті жаман адамдардың тіл­-көзінен сақтану үшін жүгіре басып келеді. Олар букусу жұртының сүндеттеу туралы атақты сиояйо әнұранын айтып келеді. Ол әнде бәсекелес Ло тайпасындағы ұлдардың жыныс мүшесі терісінің бір бөлегін кесіп алмай, тістерін жұлып тастайтын дәстүрін мазақ етеді. «Сүндеттелуден қорқатын жігіт Ло жұртына кетуі керек» дейді әнде.

Оларды әйел-­еркегі, ұл-­қызы аралас үлкен топ күтіп тұр екен. Шәдрәк аулаға кіріп кеп, символдық түрде балалық шағымен қоштасқандай күн батысқа қарады. Артынша шалт қимылдап, бір қолын мықынына қойып, бір қолын жоғары көтерді. Сүндетке отырғызушы жалма-­жан іске кірісті. Ота лезде бітті. Шәдрәк қыңқ демей, ауырсынғанын еш білдірмеді. Сүндеттеуші адам отаның аяқталғаны туралы хабарлап, ысқырып қалғанда, Шәдрәктің әпкесі мен анасы және басқа да әйелдер қуаныштан айғайлап жіберді. Жан шыдатпас ауырт палығына қарамастан Шәдрәк маңғаздана басып, құдды бір жау түсірген батырдай байсалды болуға тырысып бақты.

Оның әкесі мен өзге еркектер құдды бір ұтқан лотереясының билет нөмірін тексергендей жүгіріп барып атқарылған жұмысты үңіліп қарай бастады. Бірақ бұл кезде әбден есеңгіреген Шәдрәк ары қарай жүруге шамасы келмей, дірілдеп барып отыра қалды. Әйелдер оны түрлі­-түсті рамалдармен қымтап жауып жатыр.

Ол енді келесі төрт күнді айығумен өткізеді. Дәстүр бойынша, бұл қоғамда жаңа мәртебеге ие болғандар төрт айға қамқоршысымен бірге оңаша кетеді. Қамқоршысы оған аң аулауды, күрке жасауды, тері кептіруді және сиыр ұрлауға келгендердің бетін қайтару мен өзі де шабуыл жасай алатындай батыл болуды үйретеді. Букусу тайпасының кей жас жігіттері бұл істерді әлі үйреніп жүрсе де, Шәдрәк қыркүйекте оқу басталғанда мектепке оралады. «Мектепте де мінездің қатал болғаны жақсы, – дейді Симию Уондибба, Найроби университеті Букусу антропологиясының оқытушысы. – Бүгінгі өмірге сай болу үшін дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртуға болады».

Шәдрәкқа жұрт құрметпен қарай бастады, ол енді патриархтық жеңілдіктер алу құқығына ие болды. Оны енді өзеннен су алып келуге, отын жинауға немесе отбасының үй­-жайын сыпыруға жұмсамайды. Тамақ пісіретін әйелдер оның не жегісі келетінімен санасатын болады. Отбасылық кешенде өз күркесі бар, енді анасының үйінде ұйықтамайды. Желтоқсан келгенде омусиндеден омусаниге өту кезеңі аяқталып, ежелгі ғұрып бойынша, хухуалуха салтанаты өтеді. Сонда 14 жасар бала букусу жұртына толыққанды еркек ретінде ресми түрде таныстырылады.

Букусулердің сүндет тойына әрі қызығып, әрі үрейленіп қарайсың. Үрейленетініміз, баланың аты – бала. Мен бір аптада бес баланың сүндетке отырғызылғанын көрдім, кейбір омусинделер Шәдрәктан кіші болды және сынаққа онша дайын емес көрінді. Жаңа жеңілдіктерге ие боласың деп сендіріп, икемделуге қысым жасалса да, он жасар бала қауіпті және ауыртатын хирургиялық отаға түсуге шешім қабылдай ала ма?


Шәдрәкқа жұрт құрметпен қарай бастады. Оны енді өзеннен су алып келуге, отын жинауға немесе отбасының үй-жайын сыпыруға жұмсамайтын болады.

Шәдрәкқа және басқаларға жасалған отаның өзге елдердегі ұл баланы сүндеттеу ден онша айырмашылығы жоқ. Аустралиядағы абориген мардуджара тайпасының ұлдары сүндеттелгеннен кейін жыныс мүшесінің терісін жұтады екен. Бразилиядағы Амазонканы мекендейтін Satere Mawe­-нің ұлдары қолдарын нейротоксикалық бізгегі ең азаптылардың бірі боп саналатын оқ құмырсқа (Шоқпар тәріздес Paraponera) толы қолғапқа тығады.

Бұл «неге?» деп сұрарлық жағдай. Әрине, «соғысқа дайындалу үшін» деп қорқынышты жауап береді олар. Антрополог Дэвид Гилмор ресурсы аз, ұжымдық әл­ауқат сенімсіз жерде «гендерлік идеология өмірдің материалдық жағдайына әсер етеді» дейді.

Мыңдаған жылдар бойы еркектер классикалық міндеттерін орындап бала тудырып, отбасын асырап, оған қорғаныш бола алсын деп ұлдарды қайсарландырады, жігерлендіреді. Көптеген мәдениеттерде еркектіктің лейтмотиві – зомбылық. Видеоойындарға, экшн-­фильмдерге, хоккей жекпе­-жектеріне UFC (қаз. Абсолют төбелес чемпионаты) төбелестеріне және АҚШ­-тағы адам өлтіру көрсеткішіне қарағанда, зорлық-­зомбылық жасау материалдық жағдайы жаман емес жерлердегі еркектерді де шаттандырады.

Еркектікті қайсарлық, шыдамдылықпен теңестірген циклды не бұзды? Күш көрсеуден қорқатын немесе оған сүйсінетін еркектердің бұлай өзгеріп кетуіне не себеп болуы мүмкін?

Үрейді айтпағанда, ұлдардың еркек болуына осындай айқын жол ойлап тапқан мәдениетке сүйсінбеске амалым жоқ. Қадамдары алдын ала белгілі. Қандауыр және кесу бүкіл істі сөзсіз шындыққа айналдырады. «Ата­-бабаларымызбен қан арқылы байланыстамыз!», – деді маған Шәдрәктің көкелерінің бірі. Құрметке ие Шәдрәк енді қалаған тамағын істетіп ішуі мүмкін, бірақ ол сондай-­ақ көп нәрсені істеуге міндетті және борыштар, сондай­ақ, әдет-­ғұрыптардағы қаталдық ұлдарды қатігездікке қатігездікпен жауап бермеуге үйретеді. Егер саған біреу сиырдың тезегін лақтырса да, «өмір саған не лақтырса да, төзу керек екенін білесің», – дейді букусилік журналист Дэниел Везэнгула.

14 жастағы Шәдрәк Нионге-саның жүзі жасқа малынды. Сиырдың ішек-қарнымен атқыламас бұрын ересектер оны қатты сөкті. Бұл – мінез қалыптас тыруға арналған ғұрып. «Егер бала көкесі лақтырған ішек-қарынға төтеп берсе, бәріне төтеп беретін болғаны», – дейді букусу тайпасының журналисі Дэниель Весангула.

14 жастағы Шәдрәк Нионге-саның жүзі жасқа малынды. Сиырдың ішек-қарнымен атқыламас бұрын ересектер оны қатты сөкті. Бұл – мінез қалыптас тыруға арналған ғұрып. «Егер бала көкесі лақтырған ішек-қарынға төтеп берсе, бәріне төтеп беретін болғаны», – дейді букусу тайпасының журналисі Дэниель Весангула.

Садық Мұса үйінің жанында ауыл қауымы оның сүндеттелуіне куә боп тұр. Балшыққа бөгілген жасөспірім оған қайсарлықпен төзуі керек. Садық букусу тайпасының нағыз жігіті бейнесін көрсетіп, тырп етпей тұр. Қандауыр жылп еткенде ол сол жігіттің өзіне айналды.

Садық Мұса үйінің жанында ауыл қауымы оның сүндеттелуіне куә боп тұр. Балшыққа бөгілген жасөспірім оған қайсарлықпен төзуі керек. Садық букусу тайпасының нағыз жігіті бейнесін көрсетіп, тырп етпей тұр. Қандауыр жылп еткенде ол сол жігіттің өзіне айналды.

Сүндеттеліп болғаннан кейін әкесі Садыққа жамылатын көрпе берді. Ол енді толыққанды еркекке айналды. Анасының баласы енді – әкесінің ұлы. Ол енді үй тіршілігінен босатылып, өз күркесінде тұратын болады. Енді әжесінің әңгімелерін емес, әкесінің ақылын тыңдайды.


Бұған бір кезде сүндетке отырғызылған және жастары шамалас ұлдардың «бакоки» деп аталатын бауырластығын қосыңыз.

«Бакокилер ғұмыр бойы достасып өтеді», – дейді Везэнгула. «Олар сіздің табытыңызды көтерісіп, молаңызды қазып береді. Көзқарасыңыз өзгерсе, сізді жөнге келтіру үшін бакоки жіберіледі». Мағыналы еркектік дәстүрдің жоқтығынан болар, Оливердің мектебі жақында жастар театрын шақырып, жігіттікке баулитын мәселелерді көтерген «Біз ер жеткенде…» спектаклін тамашалады…

Әкемнен мирас боп жеткен өз­-өзін тану дәстүрін өткізіп алғаным үшін кінәлімін деп ойлаймын. Әкем жыныстық қатынас туралы әңгімелерді айтпақ түгілі мені мазалаған сауал дарға маңайлаған емес. Мені ұл балаға тән қабілеттердің шикілігі мен әлі де қолымнан келмейтін істердің тізімімен қазіргі жағдайыма жеткізген қандай әдет-­ғұрыптар екенін білмеймін.

Өткен көктемде, қайтыс болар алдында әкемнен «мені ер жетуге дайындауға тырыс тыңыз ба», — деп сұрадым. Ол абдырап қалғанда, «әкеңіз сізді аяғыңыздан тұрғызу үшін не істеді» деп сұрадым. Әкем одан бетер састы.

Әкемнің ер жетуі АҚШ әскери-­теңіз флотының тәрбиесімен байланысты деп ойлаймын. Қайтарының алдында ол қай сағатта қандай медициналық ем-­шара алғанын ұмытып қалатын, есесіне, Екінші дүние­жүзілік соғыста кемеде бірге қызмет еткен достарының бәрін еске алып отыратын. Әкем Тынық мұхитын кесіп өткенде 19 жаста екен. Ол секстантпен өлшеулер жасаған, әріптес теңізшілермен бокстасқан, Окинавада өз тапаншасымен камикадзені атқан. Атом бомбасымен бомбылағаннан екі айдан  кейін Хиросима шығанағын желкенді қайықпен кесіп өткен, соғыстан зардап шеккен адамдар туралы өлең жазған. Ол өлең 1945 жылдың қазан айында Нью­Йорктің Herald Tribune газетінде жарияланды. 12$ қаламақы алыпты, бұл әкемнің ұзақ жазушылық жұмысындағы алғашқы қаламақысы еді. Адал еңбек деген осы.

Салт­-дәстүр ұстанбайтын менің отбасымда еркектік үлгі көрсету арқылы қалыптастыратын құндылық кодексі болу керек деп ойлаймын. Колледждегі жатақханада бірге тұратын көршіме әкемнің жақындарын қорғау үшін неге қару ұстамайтындығын түсіндіргені бар. Қазір либералды идеализмнің белгілі бір түрінің ұшар басы ғана емес, әкемнің еркектік туралы түсінігінің өзі боп көрінетін жауабында ол былай деді: «Заңға жүгінбей, қару ұстасам, қорғайтын ештеңе қалмағаны да». Техас университетінде ұл балалар сабаққа тапаншамен баратын қазіргі уақытта бұл сөз әпенділеу боп көрінеді. Әкем «сезімталдығымды қалыптас тырған осылар» деп екі өнерпазды – әзіл-­сықақшы Роберт Бенчли мен ұлы кернейші Луи Армстронгты әзілі, салиқалылығы және өмірді қуанышты ете білетіндігі үшін құрметтеп өтті. Әкем осы кісілерден көрген жігіттіктің үлгісіндей еркектік құндылықтарын көрсете алатын әдетғұрып қазір бар ма екен?

Еркек болу дегеннің миллион анықтамасы бар, оның қайсысын таңдау Оливердің өз еркі. Ол еркектік міндетін өтейді, еркектік деген ұғымға байланысты әділетсіздіктерді қабылдамай тастайды, оның қай бөлігі – биология, қай бөлігі – мәдениет, несі – есепке аларлық және сақтауға тұрарлық, несін өзертпесе болмайтынын өзі шешеді деп үміттенемін. Ол өзінің түсінігіндегідей еркек болады және оны іске асыру үшін арнайы рұқсат күтпейді деп үміттенем. Оливердің де ата­бабасының шаң басқан шежіресі бар. Енді ұлым компасын «әзіл, салиқалылық және өмірді қуанышты ете білуге» бағыттаса, жаман болмас еді.


Чип Браун журналдың 2014 жылғы қарашасындағы нөмірінде Непалда тұратын шерптер туралы жазды. Пит Мюллердің Сьерра-­Леонадағы эбола індеті туралы фотоларын 2015 жылдың шілдедегі нөмірінен көре аласыз.

 

    

Пікір жазу