Бұл табиғат қателігі ме?

DSC_0615

Патрисия Эдмондс

Бір биологиялық түрдің ішіндегі аталық пен аналықтың арасындағы анатомиялық ерекшеліктер «жыныстық диморфизм» деп аталады. Бұл термин қос жыныстылардың арасында анық шекараның барын білдіреді.

Табиғат әлемінде сырттай аталық немесе аналық болып көрінгенімен, екеуіне тән репродуктивті мүшелерге ие гермафродит жануарлар жетіп артылады. Олардан сәл өзгешелеу тіршілік иелері – аталық пен аналық белгілерінің мозаикасынан құралған гинандраморфтар. Ал қосжақты гинандроморф деп аталатын жартылай аталық, жартылай аналық жануарлар аралық сызықпен бөлінеді. Бұл құбылыс құстарда, шаяндар мен көбелектерде байқалады.

Эволюция биологы Джош Джанер ғалымдардың бұл өзгешеліктерге қатысты болжамдарын өзінше түсіндіреді: көбелектердің жыныс хромосомалары адамдардікіне қарама-­қарсы. Аталықтарында екі ұқсас (ZZ), ал аналықтарында екі түрлі (ZW). Кейде аналық жұмыртқасында екі бірдей өзек – Z және W болады. Джанердің айтуынша, олар аталықтың Z шәуетімен екі мәрте ұрықтандырылғанда эмбрион қос жынысты болып шығады.

Мұндай түрлер қаншалықты сирек кездеседі? 1980 жылдары ғалымдар 30 мыңға жуық көбелек өсіріп, олардың арасынан небәрі бес­-ақ қосжақты гинандраморфтарды анықтады. Джанер Рино Невада университетіндегі әріптестерінің 2011 жылдан бері төртеуін тапқанын айтады.

Сондай­-ақ, ол зертханасындағы гинандраморфтардың қанша тырысқанымен, репродуктивті жүйелеріндегі кінәраттың кесірінен жұмыртқа баса алмағанын атап өтті.

PAPILIO GLAUCUS

МЕКЕНДЕЙТІН АЙМАҒЫ

Ормандар, саябақтар, АҚШ-­тың шығысы және Канада

ӨЗГЕ ДЕРЕКТЕР

«Айыр құйрықты жолбарыс» деп аталатын мына қосжақты гинандраморфтың (1.5 есе үлкейтілген) сары жағы – аталық, ал қара жағы – аналық. Грек тіліндегі «гин» (аналық) және «андро» (аталық) сөздерінен құралған.

ФОТО: ДЖЕЙМС АДАМС

    

Пікір жазу