Мұхиттарға мұқият бол

453643

Калифорния теңіз арыстаны Сан Диего маңындағы Кортес Бәңкте (жағалау) балық аулап жүр. Экологтар таңғажайып мекенді қорғауға алу қажеттігін айтады.

Барак Обама қорғалатын сулар қатарына 2,2 миллион шаршы шақырым мұхит аумағын қосты.

Кортес бәңк

САН ДИЕГОДАН БАТЫСҚА ҚАРАЙ 180 ШАҚЫРЫМДА ЖАТЫР/ТЫНЫҚ МҰХИТЫ

Калифорния мөңке балығы және басқалары Кортес Бәңктің кораллин және қоңыр балдырлар орманы арасында мекен етеді. Теңіз түбінен көтеріліп жатқан тау қоректі алқаптың пайда болуына септігін тигізеді.

Калифорния мөңке балығы және басқалары Кортес Бәңктің кораллин және қоңыр балдырлар орманы арасында мекен етеді. Теңіз түбінен көтеріліп жатқан тау қоректі алқаптың пайда болуына септігін тигізеді.

Кортес Бәңк – әлемдегі тіршілігі қайнаған аймақтардың бірі. Қырық шақты сүтқоректі, кем дегенде жылдың бір бөлігін осы жерде өткізеді, олардың арасында топтасып жүзетін солтүстік киттәріздес дельфиндер де бар.

Кортес Бәңк – әлемдегі тіршілігі қайнаған аймақтардың бірі. Қырық шақты сүтқоректі, кем дегенде жылдың бір бөлігін осы жерде өткізеді, олардың арасында топтасып жүзетін солтүстік киттәріздес дельфиндер де бар.

Кортес Бәңк қыратындағы балдырлар бағының арасымен тұтасқанат жүзіп барады. Ол тұмсығымен шөп арасынан ұлу, құрт немесе басқа қорек іздейді.

Кортес Бәңк қыратындағы балдырлар бағының арасымен тұтасқанат жүзіп барады. Ол тұмсығымен шөп арасынан ұлу, құрт немесе басқа қорек іздейді.

Авторы: Синтия Барнет Фото: Брайан Скерри

Бостон айлағынан солтүстік-шығыс бағытта 160 шақырым қашықтықта жоғалу қаупі төнген сұр түсті алты сейвал кит Солтүстік Атлантика бетінде қарындары жалтырап судан секіріп, қайта сүңгиді. Әр секірген сайын қатпар-қатпар тамақтарына сумен бірге құйылып жатқан кішкентай ескекаяқ шаянтәрізділерді сүзу үшін ғаламат, құс тұмсығы тәріздес ауыздарын серпи ашады. Тед Уейт атты филантроп басқарған Plan b атты зерттеушілер кемесінің сыртында майшабақ тобы су бетін қарайтып сол шаянтәрізділердің артынан ілесті. Бұл кезде кемеден түскен ғалымдар 15 метр тереңдіктегі тас рифтерде күміс сайдалардың, нәлімдердің және көгілдір алабұғалардың қалың балдыр арасында қоректенуін бақылауда.

Кәшес Ледж – Мән шығанағындағы ең биік суасты тауы және қозғалмалы тамаша қорек орны. Оның гранит жоталары мен доғал басын шайған толқындар планктонға толы беткі жылы суды төмен қарай бағыттайды.

«Іс жүзінде Кәшесті, 400 жыл бұрынғы Жаңа Англия жағалауының уақыт машинасы деп айтуға болады», – дейді Браун университетінің мұхит экологы, бұл жерді отыз жылдан астам уақыт бойы зерттеген қысқа сақалды Джон Витман. Мұхит зерттеушісі Сильвия Эрл, National Geographic-тің тұрғылықты зерттеушісі, Кәшесті «Солтүстік Атлантиканың Йеллоустоуны» деп атайды. Біз оны RV-мен (саяхаттау көлігі) барып көре алмасақ та, ол Американың қорғауға тұрарлық құндылығы екені сөзсіз.

Мұхиттар шектен тыс балық аулаудың, ластанудың және жылдан-жылға күшейіп бара жатқан климат өзгерісінің әсерінен зиян шегіп жатқан кезде Эрл, мұхит мамандары мен табиғат қорғаушылары бірігіп, Америка теңіз суларының соңғы таза жерлерін сақтап қалу жолдарын іздестіруде. Бұл қорғаушылар Жаңа Англиядағы Кәшестен Алясканың Алеут аралдарының батысындағы суық судағы коралл тоғайларына дейін, одан Сан Диегоның Кортес және Таннер жағалауларына дейін АҚШ теңіз қорығын құруды көздейді. Ол мұхиттарды сақтап қалу және қалпына келтіруге арналған дүниежүзілік жүйеге ұласады.

«Теодор Рузвельт заманынан бері 1200-ден астам теңіз қорықтары құрылып, қазір АҚШ су-ларының төрттен біріне жетті. Алайда олар теңіз және мұхит тіршілігінің күрт төмендеуін тоқтата алған жоқ», – дейді Юта университетінің заң профессоры және мұхит маманы Робин Кундиз Крэг. Қорғалатын сулардың басым бөлігінде тым болмаса балық аулау немесе басқа бір пайдалы заттар алуға рұқсат етілген. Осы орайда Крэг: «Біз өзіміздің теңіздеріміз бен мұхиттарымызды сақтап қалуға мүдделіміз бе, әлде бізді тек пайдалану ғана қызықтыра ма? – деген риторикалық сауал қояды. – Біз әлі бұл сұраққа жауап таппадық».

Өткен жылы Президент Барак Обама тарихи немесе ғылыми маңызы бар қоғамдық орындарды қорғауға мүмкіндік беретін «Көнелік актісі» бойынша өз құзыретін пайдалана отырып, бұл мәселені екі жерде іске асыруға талпыныс жасады. Біріншіден, ол Гавайидың солтүстік-батысындағы Папаханаумокуакеа ұлттық теңіз монументі ауданын төрт есе ұлғайтып, 1,5 млн. шаршы шақырымнан астам ауқымға жеткізді. Бұл – жойылуға айналған көк киттер мен тақуа итбалықтар, тунецтер мен акулалар секілді ең мықты жыртқыштар, сонымен қатар ғаламдық жылыну кезінде сақталып қалу ықтималдылығы жоғары, қиыр солтүстікке ең жақын орналасқан, әрі ең таза коралл рифтері қорғалатын қауіпсіз жер.

STOCK_EX1304L2_IMG_20130803T141231Z_ROVHD_RED_ACN_ZOOM

STOCK_EX1304L2_IMG_20130806T154847Z_ROVHD_YELLOW_COR_ZOOM

EX1304L2_IMG_20130812T184608Z_ROVHD_FSH_SQA_ROCK_AUD

STOCK_EX1304L2_IMG_20130802T153152Z_ROVHD_WALL_BIV_SPO_SHI

АТЛАНТ ТҮБІНДЕГІ АСЫЛ

Теңіз анемонасы, горгонариге жабысқан жылан, су жұлдызы, қарабауыр балық, сорғыш қабаты, құрттар және омарлар – өткен күзде Президент Обама құрған Солтүстік Каньондар аймағы мен «Теңіз тауы» ұлттық қорығын мекендейтін ерекше жәндіктердің кейбірі ғана. Қорық Кейп Кодтың оңтүстік шығысында құрлыққа 210 шақырым еніп жатқан үш терең каньонды қорғайды. Сондай­ақ, мұнда жағалаудан тысқары бір мың метрден астам теңізде орналасқан жоғалу қаупі бар жанартаулар тізбегі де қорғауға алынған. Ол құрлықтағы саябақтардан айтарлықтай бөлек. Мұнда жету үшін сізге сүңгуір қайық қажет.

АҚШ СОЛТҮСТІК ШЫҒЫС КАНЬОНДАРЫН ЗЕРТТЕЙТІН 2013 ҒЫЛЫМИ ТОП, NOAA OKEANOS EXPLORER


Қорғауға алудағы негізгі себеп — климаттың өзгеруі

Папаханаумокуакеа ұлттық теңіз монументі ауданын төрт есе ұлғайтып, 1,5 млн. шаршы шақырымнан астам ауқымға жеткізді. Бұл – жойылуға айналған көк киттер мен тақуа итбалықтар, тунецтер мен акулалар секілді ең мықты жыртқыштар, сонымен қатар ғаламдық жылыну кезінде сақталып қалу ықтималдылығы жоғары, қиыр солтүстікке ең жақын орналасқан, әрі ең таза коралл рифтері қорғалатын қауіпсіз жер.

Одан кейін Обама АҚШ-тың шығыс жағалауынан тыс Солтүстік-шығыс каньондары мен Симаунттардан 12 725 шаршы шақырым, Кейп Кодтан оңтүстік-шығысқа қарай 210 шақырым қашықтықта орналасқан алғашқы теңіз қорығын құрды. Табиғатты қорғаушылар одан да үлкен аймақты қамтуға ұсыныс жасаған еді. Олар Кәшес Леджді де қорғалатын аймақтар қатарына жатқызу қажеттігін алға тартты. Алайда балық шаруашылығы бұл екі ұсынысқа қарсы шықты. Тарихта ешбір президент қорықты құру туралы шешімді жоймаған, сондықтан да мұхиттағы ерекше аймақтарды және мұхитты тұтас қорғау жолындағы жұмыс өзінің ең шарықтау шыңына жеткені анық.

1870 жылдары америкалықтарды «Йеллоустоун ның оғаш және әдемі көріністерін» қорғауға көндіру оңайға соққан жоқ, – деп жазады бүгінде жазушыға айналған саябақ рейнджері Джордан Фишер Смит. Адамдар алтын каньондар, түрлі-түсті бұлақтар мен жерден атқылайтын гейзерлер туралы таңғажайып әңгімелерге сенген жоқ. Бұл жағдайда фотограф Уильям Генри Джексон түсірген суреттер мен Томас Моран салған суреттер мәселені шешуге септігін тигізді. 1872 жылы Конгресс саябақ құрып, «Century» журналының редакторы айтқандай, келешекте Американың тек инфрақұрылымдарымен ғана емес, сақтап қалған табиғатымен де әйгілі болуын қамтамасыз етті. Алайда қоғам мен саясаткерлерді мұхиттың керемет аймақтарын қорғауға көндіру ерекше қиын: олар құрлықтағы саябақтар секілді барша америкалықтарға тиесілі болып тұрғанда оларды өз көздерімен көретін адамдар ілуде біреу ғана. Біз Гранд Каньонға серуендеп бара аламыз, алайда Солтүстік-шығыс каньондары мен Симаунтты көру үшін, континенттік жағалау тұсына және одан әрі саяхаттау үшін сүңгуір кеме қажет. Өткен жылы Йеллоустоунды төрт миллион нан астам адам барып көрген екен және кейбірі бірден бизондарға барыпты. Бірақ ғалымдар мен National Geographic фотографтары түсірген суреттер арқылы ғана болмаса, америкалықтардың көбі ешқашан да Кәшесте сейвал киттермен бірге жүзбейді.

Бұған қоса, теңіздегі стратегиялық аймақтарды қорғаудың маңызды себептерінің бірі көзге көрінбейді. Климаттың өзгеруі мұхиттың ластануы мен шектен тыс балық аулаудың өзара байланысын күшейтті: 1970 жылдан бері сату үшін ауланатын балықтың шамамен жартысы жойылып кетті. Мұхиттар ауаға көмірқышқыл газы шығаратын жылудың жартысын және көміртек диоксидінің 30 пайызын сіңіріп алуда. Теңіз бетіндегі температура бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде. Су қышқылдығы өндірістік төңкеріс басталғаннан бері 30 пайызға өсті.

Бұл өзгерістер көзге көрінбеуі мүмкін, бірақ олардың әсері уақыт өткен сайын білінуде. Мэн шығанағы жер бетіндегі мұхитты аймақтардың бәрінен бетер дерлік тез жылып барады және құстарды бақылауға туристер көп баратын Макиас-Сил аралында балтатұмсық балапандары көптеп аштыққа ұшырауда. Себебі – әдеттегі қорегі болып табылатын хек пен майшабақ суы жылы таяз жерлерден аулақ жүреді. Оңтүстік-шығыс Флоридада мұхит суының жоғарылаған температурасы салдарынан улы су балдырлары қаптап өсіп, былтырғы жазда жағажайлар мен қонақ үйлер қаңырап бос тұрды. Жер жүзінің барлық түкпірінде көптеген коралл бақтарының түсі сұрғылттанып барады. Парниктік газдар әсерінен жылып жатқан мұхитта коралдардың бояу жоғалтуының шарықтау шегі 2014 жылға келді, – деп мәлімдейді Ұлттық мұхит және атмосфера әкімшілігі үйлестірушісі С.Марк Икин. Бұл үрдіс 2015 жылы «Эль Нино» дауылы әсерінен күшейе түсті.

10880-02printWftshrp

9748-04_50percent

8973-06

10225-10_50percent

11077-05printWftshrp

9633-54_book_wBorderV2

10332-01printWftshrp

9295-01+antanae11x14v2_put_back-border

ТЕХАСТАН ДА ҮЛКЕН САЯБАҚ

Президент Джордж Буш 2006 жылы Папаханаумокуакеа ұлттық теңіз монументін құрды. Ол Гавайидың солтүстік батысындағы елсіз аралдарды және оларды қоршаған мұхит суларын қорғауды мақсат тұтты. Өткен күзде Обама монумент ауданын төрт есе ұлғайтып, шекарасын АҚШ суларының 320 шақ. шебінен асырып тастады. Бірнеше күннен кейін Мидуэй аралдарында ол теңіз астына снорклингпен сүңгіді. Президент мұнда құрлық пен суды мекендейтін 7000 тіршілік иесінің сегізін көруі мүмкін еді. Табиғат қорғаушылары мен ғалымдар мұны америкалық теңіз суларының соңғы ерекше жерлерін сақтап қалудың жалғыз жолы деп біледі.

Нәзік теңіз анемоны, қызылкүрең талассома, империялық ашық желбезекті ұлу; мавритандық пұт; әшекейлі тақуа шаян, анемон тақуа шаяны, жолақты анемон, теңіз иті, бөлектенген жалпақ құрт, қызыл-құйрықты тропикалық құс.

ДЭВИД ЛИТТЛШВАГЕР ЖӘНЕ СЮЗАН МИДЛТОН

MM8471_160528_06018

Атлантикалық нәлім Мән шығанағының ең биік суасты тауларының балдырлы орманы арасында. Ғалымдардың айтуынша, 885 шаршы шақ. құрайтын Кәшес Ледж Жаңа Англия қалыптастыратын мұхиттардың бір бөлігі. Бұл аймақты қалайда сақтап қалу керек.

КӘШЕС ЛЕДЖ

БОСТОН КЕМЕЖАЙЫНАН СОЛТ.-ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ 160-ШАҚЫРЫМДАҒЫ МӘН ШЫҒАНАҒЫ

Сей кит судың үлкен жұтымынан ескекаяқты шаянтәрізділер мен басқа да планктонды сүзіп алады. Кэшес Леджде толқыннан пайда болатын ішкі ағыстар майшабақтар мен теңіз құстары тамақтанатын тағамды беткі қабаттан тереңдікке жеткізеді.

Сей кит судың үлкен жұтымынан ескекаяқты шаянтәрізділер мен басқа да планктонды сүзіп алады. Кэшес Леджде толқыннан пайда болатын ішкі ағыстар майшабақтар мен теңіз құстары тамақтанатын тағамды беткі қабаттан тереңдікке жеткізеді.

Мұхитта биологиялық алуан түрлілікке бай тұстар әлі де бар; ондай ерекше жергілікті аймақтарды қорғау климат өзгерісі әсеріне төтеп беру, сондай-ақ, кейде жойылған табиғи көріністі қалпына келтіру мүмкіндігін беретіні жөнінде айғақтар да көбеюде. Осындай дәлелдердің бірі жарты ғасырдай бұрын Президент Джон Ф.Кеннеди құрған ұлттық қорықтан табылады.

АҚШ-тың Виргиния араларында, Санта Крустың қасында орналасқан Бак аралы Кариб теңізінен екі жасыл жотасының етегін қызғылт коралл құм көмкерген көрінісімен көзге түседі. Ауданы 71 гектарлық аралға биік жерден қарасаңыз, көкпеңбек теңізді және суасты ғажайыптарын көресіз. Су астының тамаша көріністері 1961 жылы Президент Кеннедидің Бак аралы ұлттық риф монументін құруына себеп болды. Коралл рифтері мойынға тағылған моншақтай аралды айнала орналасқан, олардың күңгірт сұлбасы көгілдір тартқан таяз суда және оның ар жағындағы терең қою көк суда айқын байқалады.

Кеннедидің мақсаты – өзі айтқандай, «әр адам Кариб теңізіндегі керемет суасты әлемін тамашалауға» мүмкіндік алатындай дүние жүзіндегі ең алғашқы суасты жолын салу болды. Алайда ауданы 356 гектар қорық құрамында 105 гектар «тиісуге болмайтын» аймақ кіретін еді. Бұл ол кезде тарихта теңдесі жоқ жайт болды. Ол уақытта, Бак аралдары Кариб теңізіндегі балықтар түрі сан алуан, оның ішінде жолақ қара балыққа бай аймақтардың бірі еді. Алайда уақыт өте «тиісуге болмайтын» аймақтың ауданы шағын екені анықталды. 1990 жылдары арал жанындағы балық қоры аймақта құрылған жүздеген тұзақтар мен аулардың кесірінен күрт төмендеп кетті. Нәтижесінде, Президент Билл Клинтон қорық ауданын 7695 гектарға ұлғайтты.

Су әлемін қорғау оны қалпына келтіруге жол ашады

Балық шаруашылығының жойылуымен қатар Бак аралдарының коралл рифтері бірнеше шабуылға тап болды. 1970 және 1980 жылдары, Калифорнияның оңтүстігінде саябақтың негізін құраушы юкка ағаштары секілді, негізгі риф құрушы әрі қорықтың басты құндылығы болып табылатын орман-мүйізді коралдарды ауру шалды. Олардың 5 пайызы ғана қалып, қалғаны жойыл ды. Бұл жайт коралды зерттеуші ғалымдарды ажал бақылап отырғандай сезімге бөледі. «Ол кезде мен өлім жағдайын зерттейтін маман болдым», – дейді 1970 жылдардың басынан бастап Бак аралдарын зерттеп келе жатқан Мэн университетінің мұхит зерттеушісі Роберт Стенек.

1989 жылы Хьюго дауылы Бак аралдарын биіктігі сегіз метрге дейін жететін толқындармен және сағатына 240 шақырым жылдамдықпен соққан дауылмен ұрды. Дауыл салдарынан аралдың оңтүстігіндегі рифтер жойылып, қалғаны құрлықта жағадан 25 метр қашықтықта шашылып қалды. Он жылдан астам уақыт бойы шашылған рифтер адасқан жандай ыңырсып, сықырлап жатты. Ақырында олар өздерінің жаңа орнын тауып, тынышталды. Сосын, 2005 жылы жаңа орман-мүйізді коралл өсе бастаған кезде мұхит температурасының көтерілуіне байланысты Кариб теңізі шығысындағы коралдар түсін жоғалта бастады, оның ішінде қайта өсе бастаған Бак аралдарының орман-мүйізді коралдарының 80 пайызы да бар.

Он жыл араға салып Стенек 2014 жылы Бак аралдарына қайта оралған кезде, Кариб теңізінің шығысындағы рифтерді жалпы бағалаудан өткізу барысында болжамы нашар болды. Расында, солтүстік жағындағы коралл үйінділері әлі де жансыз болды; олардың арасымен жүзу өлі орманды аралағанмен бірдей еді. Стенек оңтүстік жағында тосын жайтқа тап болды: 15 аралды зерттегенде 52 жердің бәрінен коралдардың арасындағы ең мықты да әдемісі болатын жас орман-мүйізді коралдарға жолықты. Тіршілігі бар коралл оңтүстік рифтердің 30 пайызын көмкеріп жатты, бұл Кариб теңізінің шығысындағы орташа 18,5 пайызбен салыстырғанда әлдеқайда үлкен аумақ еді. Бак аралында Стенек шөппен қоректенетін тотықұс-балық, көк хирург секілді көптеген балық түрлерін тапты. Олар коралдың өсуіне кедергі болатын балдырлар мен суасты шөптерді жылдам жеп тастайды. Сонымен, коралдар өсетін аудан ұлғаюда еді.

Түсін жоғалтып, ауруға шалдыққан орман­мүйізді коралдар 1961 жылы Президент Джон Ф.Кеннеди құрған Бак аралы ұлттық риф монументінде қорғауға алынған соң қалпына келді. Олар миқұрт коралдары мен күлгін горгонарилармен жартылай жабылып тұрады.

Түсін жоғалтып, ауруға шалдыққан орман­мүйізді коралдар 1961 жылы Президент Джон Ф.Кеннеди құрған Бак аралы ұлттық риф монументінде қорғауға алынған соң қалпына келді. Олар миқұрт коралдары мен күлгін горгонарилармен жартылай жабылып тұрады.

БАК АРАЛЫ

САНТА КРУС, АҚШ ВИРГИНИЯ АРАЛДАРЫ/КАРИБ ТЕҢІЗІ

Теңіз тасбақасы Санта Крустағы Бак аралынан 35 шақырым қаш. орналасқан Санди Пойнт ұлттық табиғи қорығындағы жұмыртқа салатын жағажайда. Қорғаудағы аудандар тасбақа түрлерінің көбеюіне септігін тигізді. Кейбіреуінің жойылып кету қаупі бар еді.

Теңіз тасбақасы Санта Крустағы Бак аралынан 35 шақырым қаш. орналасқан Санди Пойнт ұлттық табиғи қорығындағы жұмыртқа салатын жағажайда. Қорғаудағы аудандар тасбақа түрлерінің көбеюіне септігін тигізді. Кейбіреуінің жойылып кету қаупі бар еді.

Санта Круста тотықұс-балықтарды тағамға қолдану кеңінен тараған; сенбілік базарда бұл түрлі-түсті балық жиі кездеседі. Алайда Клинтон қорығының ауданын ұлғайтқаннан кейін қорық басшылығы белгіленген шектен тыс балық аулаудың барлық түрлеріне – ау салуға, қармақ тастауға және басқа әдістерге тыйым салды. Бұл өте күрделі шешім болды, қазіргі кезде жергілікті балықшылар бұл шешімді қолдайтындықтарын жасырмайды, өйткені Бак аралының рифтері қазіргі таңда байырғы қалпына қайтып келе жатқанын байқауға болады.

Балық қоры өзінің байырғы деңгейіне әлі де жеткен жоқ, ал алабұға өте сиреп кеткен. Алты жылға созылған зерттеу барысында алабұғаның үшеуі ғана көзге шалынған. Аустралиядағы Квинслэнд университетінің коралл рифтерін зерттеуші экологы Питер Мамбидің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда Бак аралының оңтүстік рифтерінде балықтың ең ірі түрлері бар және олар молынан кездеседі. Оның зерттеу нәтижесі Стенек тұжырымымен сәйкес келеді: саны артқан балық рифтер түстерінің қалпына келуіне және оларды аурулардан сақтауға септігін тигізді.

«Егер біздің жылыжай әсерін кеміту жөніндегі жақсы болжамымыз орындалса және балық шаруашылығы мен ластаушыларды жергілікті басқаруға мықтап алатын болсақ, онда Бак аралындағы Кариб рифтері ғасыр аяғына дейін өседі деген үміт бар, – дейді Мамби. – Осы екі жұмысты сәтті орындасақ, немерелеріміз де рифтерді тамашалайтын болады».

Бұл қорық, сондай-ақ, аймақ шекарасынан тыс жерлерде де таралатын аңдар үшін де пайдалы болды. Бак аралының шағын мүйісінде жазғы уақытта тамақтанып жүрген жасыл тасбақаның теңіз балдырларының арасынан басы шығып тұрғанын немесе шағылысу кезінде судан шығып тұрған екі басты көрмеу мүмкін емес. Бұл рифтер, сондай-ақ, жойылуға жақын қалған бисстерге тамақтануға мүмкіндік беретін қорғалған аумақтардың бірі. Бұл тасбақа түрі мықты коралдарда мекендейтін зоантидтер мен миоматозды жабысқақтарды қорек етеді. Тағы да жойылу қаупі бар тасбақаның екі түрі – логгерхед пен терілі тасбақа, жоғарыда аталған тасбақалармен қатар Бак аралының қорғалған жағажайларында ұя салады. Кеннеди қиялдағандай, аралға келушілер Бак аралына келіп, оның жағажайында сейіл-серуен құрып, су астына түсіп, миқұрт-коралының қасынан жүзіп өте алады. Оларға тек балық аулауға, мүйіске зәкір тастауға және аралда қосын құруға рұқсат етілмейді.

1962 жылы Уашингтоннан ірі шенеуніктер келіп, су астын зерттеу үшін жүзу киімдері мен дайвинг бетперделерін сыйға тартқан кезде Джоел А.Тютейн небәрі 10 жастағы бала болатын. Жарты ғасыр уақыт аралығында ол теңізді қорғауға бағытталған түрлі әрекеттердің куәсі болды, олардың ішіндегі ең қиыны – аралда балық шаруашылығына тыйым салу. Алайда өткен 14 жыл шамасында Бак аралы тұрғындарының, Тютейннің айтуынша, «бөлектенбей, керісінше біріккенін» аңғаруға болады. Экотуризм маңызды бизнес түріне айналды; Бак аралына жылына 50 000 турист келеді.

Сайып келгенде мұның барлығы балық аулауға тыйым салынатын аймақты бөліп,  суасты әлемін қорғауға алудың парасатты ой екендігін көрсетеді.


Синтия Барнет – қоршаған орта туралы жазатын журналист, 4 кітаптың авторы. Синтия Флорида штаты Гейнсвиль қаласында тұрады.

Барактың батыл қадамы

Тарихта теңіз суын ең көп қамқорлыққа алған адам онымен оңай тіл табысады. Сіз оны бірден байқайсыз. Қыркүйекте, Ақ үйден кетуіне бірнеше ай ғана қалған кезде, Президент Барак Обама ескекаяқ, шомылу киімі, бетперде мен түтік киіп Тынық мұхиттың ортасына сүңгіді. Күн жарқырап, Калифорния мен Қытай ортасындағы рифтерден құралған Мидуэй аралдарына шуақ шашып тұрды. Коралдың таяз жоталарынан таза суға түскен кемпірқосақ түстері көзді бұлдыратады. Теңіздің әдеттегі құраушы бөліктерінің бәрі осында: балдыр шайнаған хирург-балық, көзілдірікті тоты-балық, шортандар мен теңіз кірпісі.

МИДУЭЙ АРАЛДАРЫ «Әрбір секунды санаулы, костюм киіп, галстук тағып жүретін адам үшін мұхиттың ортасына шығу – нағыз мәрттік», – дейді фотограф Брайан Скерри. Ол өзі түсірген Барак Обаманың су астында жүзіп жүрген бейнесі теңіз табиғатын сақтауға жұрт назарын аударады деп үміттенеді.

МИДУЭЙ АРАЛДАРЫ «Әрбір секунды санаулы, костюм киіп, галстук тағып жүретін адам үшін мұхиттың ортасына шығу – нағыз мәрттік», – дейді фотограф Брайан Скерри. Ол өзі түсірген Барак Обаманың су астында жүзіп жүрген бейнесі теңіз табиғатын сақтауға жұрт назарын аударады деп үміттенеді.

Обама Мидуэйдің Сенд аралына арнайы келді. Бұл жерде әлемдегі ең үлкен, қорғалатын аймаққа айналған «Папаханаумокуакеа» ұлттық теңіз монументі бар. Обама әкімшілігінің қолдауымен құрылған монумент Франция аумағынан екі есе үлкен теңіз алқабын алып жатыр. Суасты әлемінің маңыздылығы туралы айтып, ол мұхитқа сүңги жөнелді. Ол өзінің «салқынқанды» сабырлылығына туған жері Гавайи себеп деп отыр. «Мұны мұхит толқынында теңіз тасбақасын көрген адам ғана түсінеді», — деді Обама. Мұхитқа екінші мәрте түсерде ол қасына «National Geographic» фотографы Брайан Скерриді ертіп алды. Осының арқасында мынадай ерекше суреттер шықты.

Олар қайықты оталған күйінде күлгін күріш коралдардың үстіндегі қызғылт сары қазыққа байлап қойды. Мидуэй – ғажап жер, бірақ көрмегені жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оның алты-ақ шаршы шақырым түбіне 5000-нан астам адам түсіп, сүңгуір қайықтар өтуі үшін рифтерді қопарып, артынша миналар қойып шыққан. Бүгін бұл жер сырттан келген өсімдіктер мен жәндіктерге толы. Темір ағаштарда ұшып-қонып жүрген жасыл қоңыздар таңсық емес. Бұл ағаштарды бір ғасыр бұрын телеграф сымын жүргізген жұмысшылар орнатып кетсе керек. Тұмса деуге келмейтін Мидуэй үш миллион құсқа, әлемдегі ең үлкен альбатрос үйіріне, теңіз тасбақаларына, дельфиндер мен сирек кездесетін үйректерге пана болып келеді.

Обама жылтыраған сары көбелек-балық пен губандар тербелген таяз теңізге түсті. Жақында ғана уылдырық шашқан теңіз қиярлары төңкеріліп тұр. Жойылып кету қаупі бар тақуа итбалықтар жақын жерде күнге қыздырынып жатты. Түрлі түсті коралдарға толы мамық құмда тұрып, Президент Скерри мен гидке сұрақтар қойып отырды.

Обаманың тұмса табиғатқа келгенде көңілі бөлек. Ол президент болып тұрған кезінде табиғатты қорғаумен есте қалған бұрынғы әріптесін еске алды. «Теодор Рузвельт бір айдай Йеллоустоун саябағына барып жатып алған кезде оның қайда болғанын ешкім де білмеген», – деді бірде Обама. Гранд Каньондарды, Вайомингтегі Сайтан мұнарасын және кейіннен ұлттық қорықтарға айналған басқа да әдемі жерлерді қорғау үшін Рузвельт барын салып, 1906 жылы «Көнелік актісіне» қол қойды. Ол өмір бойы табиғатта демалуды, аңшылық пен балық аулағанды сүйген адам. Конгресс тығырыққа тіреліп, мұхиттарда шектен тыс балық аулау, ластану мен климаттың өзгеруі салдарынан шиеленіс туындағанда Обама дәл осы ерекше құзыретке жүгінді.

Бірнеше аптадан кейін өткен мұхиттар конференциясында Обама әлі де Тынық мұхит әсерінде болып көрінді. Ол өзінің мұхитқа сүңгіген кезін еш ұмытпайды. Теңіздің қалпына келу қабілетін еске ала отырып: «Мен оны көрдім, – деді. – Біз оған тек залал келтірмесек болды, табиғаттың өзін-өзі қайта қалпына келтіретін таңғажайып күші бар». — Крег Велч

    

Пікір жазу