Тамағыңызда қоңыз жүр ме? Ештеңе етпейді!

15_Carmine_01-1500_03_V8_FNL

Дэниел Стоун

Жердегі бүкіл заттардың санаулысы ғана осы беттегі бояуы қанық, көңіл-күйге әсер етер қызыл түс шығара алуы мүмкін. Бұл – опа-далап, жидекті йогурт, шырын, еті жасанды асшаянның және 2012 жылға дейін «Старбакстің» құлпынайлы смузиінде қолданылған түс. Аталған тағамдарды қызыл түске келтірген қоспадан «Старбакс» тұтынушыларының бас тартуына себеп болған нәрсе бар, ол – ұнтақталған жәндіктер.

«National Geographic-тің» «Қоспалар» веб-топтамасында, химик Джордж Зайдан ішетін тамағымызбен күнделікті пайдаланатын заттарымыздың ішінде не барын зерттеп жүр. Жоғарыдағы ұнтақ, яғни кошениль сіріндісі, сонда жиі тілге тиек етіледі. Сымыр түріне жататын кошениль қоңыздары бір ғасырдан бері бояу ретінде қолданылып келеді. XIX ғасырда химиктер оның синтетикалық баламасын жасауды меңгерген-тұғын. Алайда XXI ғасырдың тұтынушылары «табиғи» бояғыштарға құмар болып шықты. Ендеше, қоңыздарды пайдалану қайта сәнге айналып келеді.

Ұнтақталған жәндік сіріндісін тамаққа пайдалану қауіпті ме? АҚШ Тағам және дәрі-дәрмек басқармасы оның зиянсыздығын айтады. Гана, Папуа Жаңа Гвинея мен Бали тұрғындарының ас мәзірінде термиттер, қатты қанатты қоңыздың дернәсілдері мен инеліктер де ұшырасып қалады. Жоғарыдағы АҚШ-тың өнім сапасын реттеу агенттігі бунақ-денелілерді тамаққа көп мөлшерде пайдалануға рұқсат берген: 100 грамм қатырылған брокколиге 60 біте немесе орташа макарон қорабына 550 жәндік бөліктерін қолдануға болады.

Психологиялық тұрғыдан мұндай түстерге үйрену қиын. Алайда Зайданның пікірінше, тұтынушылардың сескенуіне негіз жоқ. «Көп жағдайда адам ағзасы жегенінің бәрін қорыта алады, – дейді ол. – Жейтін тамағыңыздың құрамы туралы ойламасаңыз, болғаны».


Кошениль сіріндісі, сағыз, жержаңғақ майы мен тіс пастасы құрамындағы өзгеше элементтер туралы білу үшін «қоспаларды» көріңіз.

ОНЛАЙН natgeo.com/ingredients

TWITTER @GeorgeZaidan

 

    

Пікір жазу