Жегеннен қалғанын… киеміз

MZ3194_160825_0086

Кэтрин Цукерман

Егер бүгінгінің ұраны «фермадан – шанышқыға» болса, ертең «фермадан – сән үлгісіне» болуы ықтимал. Өйткені, саны артып келе жатқан экологияға жанашыр дизайнерлер үшін тағам қалдығы сәнге айналды.

Саша Лориннің таңдауы «комбуха» деген атаумен белгілі шай тұнбасынан қалған бактерияларға түсті. Кепкен соң, аталмыш материал көз тартар жасанды былғарыға айналады, одан Калифорниялық дизайнер сымбатты сән көйлектерін, күртешелер, белдемшелер тігеді. Сицилияда бұл бастама жібек иірімжібін өндіру үшін қоқысқа тасталған цитрус жемістерінің қабығы, дәндері және басқа қалдықтармен жүзеге асуда. Лондондық бір компания ананас өсіруші филиппиндік фермерлерге өсімдік жапырақтарынан аяқ-киім, сөмке мен ноутбук қаптарын тігуге болатын мата жасап көмектесуде.

Әлемде жыл сайын миллиард тоннадан астам тағам ысырап болады. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы ның ақпарына сәйкес, оның басым көпшілігі кең ауқымды өндірістің салдарынан орын алады. «Бұл артық қалдықтан аса берік маталар жасауға болар еді, – дейді Лидс университетінің тоқыма мата жөніндегі химигі Ричард Бләкбөрн, – мәселен, астық құрамындағы қанттан өңделетін жаңартылатын полиэстер».

«Комбухадан тігілген киім әлі сатылымға түскен жоқ. Бірақ ғылыми тұрғыда жүзеге асуы бек мүмкін», – дейді аустра лиялық биохимик Питер Маск.

ФОТО: РЕБЕККА ХЭЙЛ, NGM ҰЖЫМЫ

    

Пікір жазу