Семіздер ғана «бастық» болады

Stock-GettyImages-200471527-001

Сурикаттар

МЕКЕНІ/ТІРШІЛІК ОРТАСЫ

Оңтүстік Африканың көгалы мен шөл даласы

САҚТАЛУ ДӘРЕЖЕСІ

Жойылып кету қаупінен ада

БАСҚА ДА АҚПАРАТТАР

Жабайы табиғатта сурикаттар көбіне құрт-құмырсқа, кеміргіштермен қоректенеді, бізгегін алып тастап, саршаянды да жейді.

Патрисия Эдмондс

Елу шақтысы топтасып тіршілік еткенімен олардың екеуі, яғни аталық пен аналық қана шағылысып, дүниеге ұрпақ әкеледі.

Ұрғашы сурикат үстемдікке қалай ие болады? Біріншіден, салмақ қосу арқылы.

1993 жылы Калахари Сурикат жобасының негізін салғаннан бастап Кембридж университетінің профессоры Тим Клатан-Брок жүзге жуық сурикат тобын зерттеген. Жасы, салмағы, озбыр мінезінің арқасында аталық пен аналық белгілі бір топтың үстем құрушысы әрі ұрпақ өрбітушісі болады. Ал қалған мүшелері күзетуші, жер қазушы және бала күтуші қызметін атқарады.

Өсіп жетілген еркек сурикаттар топтан шығып, өз бетімен тіршілік етеді. Ал ұрғашылар сол топта тұрақтап қала береді. Зерттеу шілерде сұрақ пайда болды: кезекте тұрған жеңілдеу ұрғашылары күту кезінде салмақ қосса, салмағы ауырлары өз дәрежесінен айырылып қалмау үшін одан әрі семіре түсер ме екен?

Бұны білмекке зерттеушілер бірнеше апта бойы бір арық аналықты күніге піскен жұмыртқа мен тамақтандырып отырды, қалған ұяластарына бермеді. Оларды таразыға шығуға үйретіп, салмағын өлшегенде жұмыртқа жемеген етжеңді сурикаттар да үздіксіз салмақ қосқаны байқалды. Сөйтсе, олар да сол кезде қорек іздеуді үдете түсіпті. Бұдан зерттеуші Элиз Хачард мынаны түсінді: сурикаттар «ықтимал бәсекелесінің өлшемі мен бойындағы өзгерісті қадағалай алады және өз өсуін реттей отырып, оған сәйкесінше жауап қатады».

Салмақ қосу – қиындықтан арылудың жақсы амалы. Егер дәрежесі төмен ұрғашылар тууға әрекет жасаса, үстем ұрғашылар оларды түсік тастағанша зәбірлеуі немесе туған баласын өлтіріп тастауы мүмкін. «Ал дүниеге ұрпақ әкелсе жеңіске жеткені, – дейді Клаттон-Брок. – Ал ол күресуге тұрарлық іс».

ФОТО: МАРТИН ХАРВЕЙ, GETTY IMAGES

    

Пікір жазу