Көктен қараған көз

potw1645a

Джереми Берлин

Ғарыштық Роршах тестін тапсырғыңыз келе ме? Оң жаққа қараңыз. Егер қап-қара ғарыш кеңістігінен екі жарық көз көрсеңіз, онда былтыр астрономдар тобы бақылаған екі спиральды галактиканың жана-суынан болған сирек құбылысты сіздің де көріп тұрғаныңыз.

«Галактикалардың жанасуы – жаңалық емес, – дейді жетекші зерттеуші Мишель Кафман. – Жаңалық – содан пайда болған пішінде». Мына суретте NGC 2207-нің гравитациялық тартылысы оның көршісі IC 2163 галактикасында Айдың Жерге әсеріндей толқын тудырып тұр. Сол кезде IC 2163-тің шетіндегі газ бен жұлдыздар ішке қарай зымырайды да кенет кілт тоқтайды, сөйтіп екі «қабақ» пайда болады. «Мен бұны телескоптан ап-айқын көрдім», – дейді Кауфман.

Әрине, аталған құбылысты көз тәріздес пішінде көруімізге телескоптың еш қатысы жоқ. Бұл pareidolia – яғни, жоқ нәрсені өзімізге таныс пішінде көретін психологиялық феномен.

Бұл беттегі астрономиялық көздер Жерден 114 миллион жарық жыл қашықтығында орналасқан. Болашақта көзімізге тағы не түсетінін технология мен психология анықтап береді деген ойдамыз.

Суреттегі көгілдір түспен берілгені Нubble SpaseTelescopе-тан алынған ақпарат.

ФОТО: M.КАУФМАН;  Б.СЭКСТОН, NRAO/AUI/NSF; ALMA (ESO/NAOJ/NRAO); НАСА/ЕКА ХАББЛ ҒАРЫШТЫҚ ТЕЛЕСКОПЫ

    

Пікір жазу