.

Балдыр басқан шараптың дәмі…

_IMG_0593

Италиялық шарап жасаушы – Биссонның Жерорта теңізі түбіне тастаған шараптарын 18 айда балдыр басып қалды.

Нина Строчлик

2010 жылы Veuve Clicquot атты шампан қоймасының қожайыны — Доминик Демарвиллге Балтық теңізінің түбінде апатқа ұшыраған кемеден әлемдегі ең көне 168 дана аққайнар шөлмегінің табылғаны туралы мәлімет жеткенде, ол мұны әзіл деп қабылдаған.

Көп уақыт өтпей Демарвилл 170 жыл бұрын жасалған әлгі өнімді иіскеп, дәмін татқаннан кейін-ақ, бұл аққайнардың дәмді, әрі балғын екенін айтқан. Алайда кей дегустаторлар көне ішімдіктің иісі «дымқыл шашқа» ұқсайтынын айтқан. Зерттеушілердің айтуынша, аталмыш шараптың мінсіз сақталуына су астында жатуы себеп болған. Төрт жылдан кейін Veuve Clicquot Балтық теңізінің түбінде шарап қоймасын ашты. Ол жерге 350 шөлмек түсірілді. Өнімнің барлығы 40 жыл бойы тексеріліп, ара-тұра судан шығарылып тұрады.

Білгіштер шараптың суда басқаша сақталатынын о баста сезген. Испания жағалауындағы Баджоэльаква зауытының суасты қоймасында жасаған зерттеу ауа қысымы мен судың ағыны секілді салдар шарап құрамын өзгертетінін анықтаған.

Нападағы Мира шарапханасы Чарльс тон портында 240 шөлмекке тест жүргізді. Алғашқы ішімдік судан шығарылғанда мамандар 2009 жылғы каберне үш айдың ішінде 2007 жылғыға ұқсағанын айтты.


«Нансоғар» қоңыздар

CARTWRIGHT_010

Британдық музей ғалымдары көне мысырлық нан тілімін 65 есе үлкейтіп көріп, таңғаларлық жайтқа куә болды. Оң жақтағы қоңыз 3100 жылдан астам уақыт бойы нанды паналап келген. «Ежелгі адамдар да түрлі зиянкестермен күрескен секілді, – дейді Кэролайн Картрайт, – сол себепті олар ас атасын сақтауға аса мән берген болу керек». Музейдегі нан марқұмның азығы ретінде табытқа салынған болса керек, ал құрғақ та ыстық климат жәндіктерді табиғи түрде мумиялаған. – А.Р. Вильямс.

ФОТО: АЛЕССАНДРО БЕЛЬТРАМ (ЖОҒАРЫДА); КАРОЛАЙН КАРТРАЙТ, БРИТАН МУЗЕЙІНІҢ БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІ

       

Пікір жазу