Астананың биші субұрқақтары

01 Шадрахов

Дәл қазіргі уақытта әлемдегі қалалардың барлығында дерлік көше сәніне сән қосып, ажарын арттыра түсітін субұрқақтарды кездестіру қиын емес.

Мәселен, жаздың аптап ыстығы жақындаған тұста Астана тұрғындары қаладағы субұрқақтардың іске қосылуын асыға күтеді. Астанадағы субұрқақтардың ашылу рәсімін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде өткізу дәстүрге айналған.

Бүгінде Елордада ірілі-ұсақты 122 субұрқақ бар. Есіл ауданы қаладағы ең жаңа аудан болғандықтан еңсесі биік субұрқақтардың дені осы ауданда орналасқан. Олардың ішінде Достық көшесі бойындағы биші субұрқақтар астаналықтар мен қала қонақтары серуендейтін сүйікті орынға айналып отыр. Одан бөлек цирк маңы, Министрліктер үйі, «Арай» саябағы, Есіл өзені маңындағы фонтандар да көңілді көтеріп, жаныңды сергітеді.

Субұрқақтардың дені декоративтік құралдармен жарақтандырылып, компьютермен басқарылады.

02 Шадрахов

Алматы ауданындағы субұрқақтардың ең үлкені – Президент саябағындағы субұрқақ. Ондағы су көлемі 17045 текше метрге тең.

Әлемдегі ең үлкен, әрі әдемі субұрқақ Дубайда орналасқан. Ол субұрқақ бір мезгілде би билеп, ән де айтады. Осы бір таңғажайып субұрқақ іске қосылғалы бері ол миллиондаған туристердің көзайымына айналған. Бұл кешен адам сенгісіз әдемі пішіндер мен мүсіндерді жасай отырып, суды 150 метрге дейін көтереді.  6600 түсті индикатордың және 50 прожектордың көмегімен мыңдаған нұсқалы көріністерді көрермен назарына ұсынады. Ол классикалық әуендермен қатар, заманауи әуендерге де билей береді. Дубайдағы субұрқақтың құрылысына 210 миллион АҚШ доллары жұмсалған.

03 Шадрахов

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу