Көз алдымызда өлген көл

MM8482B_160911_002037

Патрисия Эдмондс

Бір кісі Боливияның биік жазықтарындағы елдің екінші үлкен көлінің тартылып қалған орнын зерттеуде. Ғасырлар бойы жергілікті тұрғындар суда салмен жүзіп, Поопо көлінің балығы мен су құстарын аулаған. Бір кездері 3000 шаршы шақырым аумақты алып жатқан бұл көл кейбір жылдары жартылай тартылып қалса, ал қайсыбір жылдары ернеуінен асып-тасыған кезі де болған, ал 2015 жылы ол мүлде көзден ғайып болды. Журналдың алдағы сандарында Кеннет Р.Уэйс көлдің опат болуы туралы баяндайды.

2016 жылғы су және даму жөніндегі БҰҰ мәлімдемесіне сәйкес, жаһандық жұмыс күшінің шамамен 4/3–і суға тәуелді. Ауыл шаруашылығы, балық аулау, энергия, көлік су көзі сарқылатын болса, құрдымға кетеді.

«Көптеген көлдерге төнетін қауіп ортақ: климаттың өзгеруі. Соған байланысты тіршілік ортасы, азық-түлік жүйесі өзгеріп, қолайсыз ауа-райы туындаса, ол адамдарды басқа жаққа көшуге мәжбүрлейді, – дейді Уэйс. – Бүгінгі мәжбүрлі миграцияның негізгі себебі – соғыс, алайда климат өзгерісі салдары да бар».

Поопо көлін құртқан не? Суды бұру, күрделі ауа-райы жағдайы, бәлкім, бір кісі Уэйске айтқандай, жауын Құдайларына тасаттық бермеген болар?.. «Бірақ мұндағы тұрғындар – оның себептері жайында бас қатырмайды. Олар балаларының қарнын қалай тойдыруды ойлайды», – дейді Уэйс.

ФОТО: МАУРИСИО ЛИМА

    

1 пікір жазылған

Пікір жазу