Данышпан болу қиын-ақ

Ол «Кариб теңізінің қарақшыларындағы» капитан Барбоза мен «Король сөзі» фильміндегі VI Джордждың (Георг VI) логопеді рөлдерін сомдады. Бірақ 65 жастағы Джофри Раш «Данышпандар» топтамасындағы Альберт Эйнштейннің рөлі өміріндегі ең маңыздысы деп отыр.

Ол «Кариб теңізінің қарақшыларындағы» капитан Барбоза мен «Король сөзі» фильміндегі VI Джордждың (Георг VI) логопеді рөлдерін сомдады. Бірақ 65 жастағы Джофри Раш «Данышпандар» топтамасындағы Альберт Эйнштейннің рөлі өміріндегі ең маңыздысы деп отыр.

– Эйнштейн несімен ерекшеленді?

– Бұл рөлге дайындалып жатқанымда мен пәлсапашы Артур Шопенгауэрдің фантас­тикалық әрі өте ұтқыр пікіріне тап болдым: «Талантты жандар өзгелер бағындыра алмайтын биікке қол жеткізеді. Ал кемеңгерлер ешкімнің көзіне түспейтін биікті бағындырады». Бұл – тура Эйнштейннің сипаттамасы. Өйткені ол гравитация, жарық, кеңістік, уақыт туралы жүздеген жылға созылған ортодоксальды пікірді жоққа шығарды десек болады. Кемеңгерліктің тағы бір аспектісі – төзімділік. Ол жетпістен асқан шағында бірыңғай өріс теориясы бойынша жұмыс істеп, ал өлімге таяған шағында біз қазір «жалпылық» деп атап жүрген теориясына жауап іздеп жүрді.

– Арамызда ортақ не болуы мүмкін?

– Эйнштейн қайтыс болған кезде оның миы ерекше зерттелді. Менің ойымша, көбі бұл ғұламаның бас миы өзгелерден үлкенірек деп ойлады. Бірақ оның миының салмағы 1,23 келі болып шықты. Бұл – жалпыға ортақ көрсеткіш. Эйнштейн теоретикалық физик Стивен Хокинг секілді өте жоғары (160) IQ көрсеткішімен ерекшеленді деседі. Оның адамға тән кемшіліктері көп болды. Эго, күмән, мұң… Ол өмірінде жанындай жақсы көрген бірқатар жандарынан айырылды, үйленгеннен кейін де көптеген қиындыққа душар болып, балаларынан алыстады. Ол кез келген пендеге ұқсап тағдыр тәлкегінің әрбір сынын үлкен күйзеліспен қабылдады.

– Өзіңіздің осы ғұламамен әңгімелесіп жатқаныңызды елестете аласыз ба?

– Мұны ойын деп қабылдаңыз. Өміріңіздегі ең маңызды кешкі асты кіммен бірге ішер едіңіз? Мен ол кісіні Плато, Шекспир, Чарли Чаплин мен Елизавета І-дің қатарына қосушы едім. Ол тек келіссе болғаны. Өйткені мұндай ғұламаға уақыт тапшы. Дегенмен ол қоғамнан бөлектенген емес. Тіпті кейбірі оны көпшіл деседі. Ол Граучо Марксқа ұқсап қайдағыны айтып, біреулердің көңіліне де тиетін. Ал асқа келгенде менде де немістің қаны бар екенін ұмытпау керек. Мен де шницель, струдель, апамның сауеркраутын жақсы көремін. Осы тағам түрлерін ұсынсам, ол қуана-қуана ас ішуге кірісер еді деп сенемін.

БҰЛ ҚЫСҚАРТЫЛЫП, ӘБДЕН ӨҢДЕЛГЕН СҰХБАТ ТҮРІ. ФОТО: МААРТЭЕН ДЕ БОР, GETTY IMAGES КОНТУРЫ

    

Пікір жазу