«Біржақты» шағылысу

STOCK_NationalGeographic_2463789

Патрисия Эдмондс

Бұл балықтың көздері өсіп-өну мен көбею үшін жаралғандай. Есесіне, балықтың жыныс мүшесі көбеюге аса лайықты жетілмеген.

Анаблепс әдетте «төрткөз балық» деп аталады, шындығында, оның көзі екеу-ақ. Ол төртеу секілді көрінеді, себебі көз көлденең жолақ тін арқылы әрқайсысы өзіндік қарашығы мен жеке көру мүшесі бар екі сырғалыққа бөлінген. Әдеттегідей су бетіне жақын жүзуі балықтың судың ішін де, сыртын да бір мезетте көруіне мүмкіндік береді.

«Олардың су үстінен және астынан жырт­қышты қалай анықтайтыны, солардың бәрін көріп, қайда баратынын білуі айтарлықтай таңдай қақтырады», – дейді Оклахома қаласы зообағының су тәлімгері көмекшісі Эрик Кайлен. Оның айтуынша, бұл ерекшелік анаблепске сөзсіз эволюция­лық артықшылық береді екен.

Алайда анаблепстің анатомиялық артықшылығы бұнымен бітпейді. Аналығы мен аталығының жыныс мүшесі, яғни құйрықасты қанаты кейбірінің – оң жағына, енді бірінің сол жағына бұрылған. Бұл оңқай аталықтың тек солақай аналықпен және керісінше шағылысатынын білдіреді, яғни өздеріне лайық жұп табудың мүмкіндігі екі есе азаяды. «Сізге мұның артықшылығын айта алмаймын», – дейді Кайлен.

Зообақтың төрткөз балық көрмесінде, оның айтуынша, көбею маусымы кезінде жаппай ығы-жығылық басталады. Киперлер қай аталықтың – солақай, қайсысы оңқай екенін және қайсысы қайсысымен ұйығатынын бақылап отырады. Кайлен кейде аталықтың өзі секілді біржақты аналықпен шағылысуға «басқа жолмен келгенде» қатты қиналатынын көрген. «Әрекеттің сәттілігіне де сенімді емеспін», – дейді ол. Анық-қанығы 12 аптадан кейін белгілі болады.

Төрткөз балық

МЕКЕНІ/ТАРАЛУЫ

АҚШ-тағы Атлант мұхиты жағалауындағы ащы және тұщы сулары.

ҚОРҒАЛУ ЖАҒДАЙЫ

ХТҚО «Қызыл кітабы» тізіміне әлі енген жоқ.

БАСҚА ДЕРЕКТЕР

Анаблепс түрлерінің үшеуінде ғана екі қалақты көз бар.

Аталық және аналық төрткөзді балық Оклахома зообағында суретке түсірілді.

    

Пікір жазу