.

Қоқысты қоқыс қуады…

STOCK_aframe_dede_zak_6862

Катерина Цукерман

Фотограф Зак Нойл үшін су бетіндегі қоқысты суретке түсіру таңғаларлық жайт емес. Алайда ол Джава жаға­лауында жүргенде жаға ұстатар жайтқа тап болды. Ол 2012 жылы индонезия­лық серферші Деде Суриянадан (оң жақта) сұхбат алып жатып өзін қоқыс теңізіне түсіп кеткендей сезініпті. «Бұл таңғаларлық жағдай, – дейді ол, –  тіпті, теңізден адамның мәйітін көріп қалам ба деп қауіптендім».

Жыл сайын шамамен сегіз миллион тонна пластик мұхитқа тасталады екен. 2015 жылғы баяндамада қай елдердің мұхитты қатты ластайтыны айтылды. Тізімнің жуан басына Қытай, Филиппин және Индонезия жайғасыпты.

«Қоқыс толы жағалаулар тек Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ғана тән емес, – дейді су биологы әрі «Мұхитты қорғау және қоқыстан таза теңіз» бағдарламасының жетекшісі Николя Маллос. – Бұл өкінішке қарай, дамушы елдердің біршамасы үшін қалыпты жайт».

Қоқыс ғаламдық проблемаға айнал­ғаны­мен, Маллос жақсылықтан үмітсіз емес. Мәселен, 2016 жылы АҚШ-тың Калифорния штаты дауыс берушілері мемлекеттің пластикалық қалталарға тыйым салуына қол жеткізді. «Индонезия да қарап жатқан жоқ. Онда белсенділер күн санап көбеюде», – дейді Маллос. Басқаша айтқанда, тазалық үшін күрес басталып келеді.

       

Пікір жазу