.

Ойланатын жайт

NationalGeographic_1302004

Катрин Цукерман

Тұщы су балығы болмаса, дүниежүзінде жүз миллиондаған адам протеиннің негізгі көзінен құр қалар еді. Алайда сол балықтың тіршілік көзі болып табылатын өзен-көлдер табиғи ресурстарды пайдалануда мұхит балықтарына басымдылық беретін құзыретті органдардың назарына сирек ілігеді.

NationalGeographic_2202013

Теңізде балық аулау коммерциялық операцияларға жатқызылса, тұщы суда балық аулау күн көру қамындай қаралады. «Тұщы суда ауланатын балық жаһандық экономикалық саудада көбіне есепке алынбайды», – дейді Мэдисондағы Висконсин университетінің зоологы Питер Мак Интир.

NationalGeographic_1320256

Мак Интир жақында өзен жағалауындағы балық аулау және оның алдындағы қауіп туралы жаһандық талдау жүргізіп, осы аймақтар жедел қорғауды қажет ететіндігін анықтады. Ол және оның тобы әлемдегі тұщы суда ауланатын балық 90%-ға «қалыпты деңгейден жоғары» ластану, бөгет жасау және паразиттік түрлер ықпалындағы экожүйелерден шығатынын анықтады.

NationalGeographic_155609

Балық кәсібіне әлемнің басқа ешбір жерінде дәл Меконг өзеніндегідей потенциалды залал тиген жоқ. Бұл – әлемдегі ең ірі тұщы судағы балық кәсібі бар Оңтүстік-Шығыс Азия­дағы бірнеше елге ортақ өзен. Мак Интирдің айтуынша, мұнда адамдар басқа баламасы оңайлықпен таптырмайтын тағамдық ақуыздың аса маңыз­ды көзі ретінде жайын және басқа да балық түрлерін аулайды.


Тұщы судағы балықтарға табан, пангасиус, кларий және тилапия жатады.


БАЛЫҚТАРДЫҢ СУРЕТТЕРІ (СОЛ ЖАҚ ЖОҒАРЫДАН САҒАТ ТІЛІМЕН): ВИЛЬ МЕЙНДЕРТС, УЙТЕНБИЛД/МИНДЕН СУРЕТТЕРІ; ДЖОЕЛЬ САРТОР, NATIONAL GEOGRAPHIC ФОТО АРАША ЖОБАСЫ; РОБЕРТ СИССОН, NATGEO ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ; ЯН НИКОЛЬС, NATIONALGEOGRAPHIC ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ. СУСЫНДАР ФОТОСЫ: РЕБЕККА ХЕЙЛ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ

       

Пікір жазу