.

Тұмадағы таза су

STOCK_KJ16063

Даниель Стоун

Жерасты суына (аквиферге) шомылуға көп адамның мүмкіндігі жоқ, алайда «National Geographic-тің» жас зерттеу­шісі Дженнифер Адлер  «су әдебін» қалыптастыру үшін түрлі зерттеулерге көп барады.

Ол, негізінен, Флорида ауызсуының 90 пайызынан астамын қамтамасыз етіп отырған аквиферді зерттейді әрі сонда шомылады. Сүңгу сапарынан кейін таяу маңдағы мектептерде суды сақтау мен оның тиімділігі туралы сабақ өткізіп, фото, видео мен 360 градустық виртуалды суасты саяхатын көрсетеді. Балақайлар судың қайдан келетініне қатты қызығады және оларға суды орынсыз пайдалануды ұғындыру үлкендерге қарағанда нәтижелірек екенін көрсетті.

Дженнифер түсірген тіршілігі жоқ, қараңғы суасты үңгірлерінен балалар тастар мен табиғи жыныстарды көріп қайран қалады. «Ең басты қазына – H2O екенін балақайлар түсінеді», – деп үміттенеді ол.


360° Видео

Флорида үңгірлерін онлайн саяхаттан қарап көріңіз: walkingonwaterfl.org/virtual-tour.

Адлер оқушыларға судың қайдан келетінін түсіндіру үшін Флорида аквиферіне тұрақты сүңгіп тұрады.

       

Пікір жазу