.

Халқы қынадай қырылған қаланың кейпі

Асқан ыждаһаттылықпен жасалған осынау апат макеттеріне қарап, халқы қынадай қырылған қаланың кейпін елестетіңіз.

Асқан ыждаһаттылықпен жасалған осынау апат макеттеріне қарап, халқы қынадай қырылған қаланың кейпін елестетіңіз.

Авторы: Джереми Берлин, Фото: Лори Никс және Кэтлин Гербер

Қираған қала. Пойыздар жолда тұр. Мектептер тым-тырыс. Кітапханалар мен кір жуатын орындар қалада қаңырап қалғандай. Тірі жан жоқ.

Әйтсе де, Лори Никстің көңілі орнында. Ол өнердегі және өмірдегі серігі – Кэтлин Гербер екеуі ақырзаманның «бейнесін жасаушылар».

«Мақсатымыз – әлдебір апаттан қаңырап қалған шаһардың үлгісін жасау, – дейді Никс, – сол арқылы көрерменнің ой-қия­лын ұштап, осы апатқа жеткізбеу жолдарын ойластырғанын қалаймыз».

Осындай күрделі көркем суреттерге шабыттандыратын ойлар көбінесе Никске метромен жүргенде, я саяхат суреттерін парақтап отырғанда пайда болады. 1970 жылдары Торнадо аллеясында өскен оған төтенше ауа райы, сондай-ақ «Аспан төріндегі тозақ» секілді апат жайлы фильмдер және «Маймылдар ғаламшары» іспеттес антиутопиялық ойын-сауық бағдарлама әсер қалдырған.

Бүгінде ол өзін «жасанды табиғат фотографы» санайды. «Бірақ ауыл-аймақты шарлап, мінсіз көріністі іздеп қажығанша, оны тап осы жерде – үстелімде жасай саламын», – дейді ол.

Осы тұста Гербер іске қосылады. Зергерлік, бәдізшілік тәжірибесі оған түсірілім алаңын жасауға, оны әдейі бүлдіріп, көне кейіпке енгізуге мүмкіндік береді.

Никс пен Гербер жұмысты бөліп істейді. «Мен шкафты, қабырғаны, еденді және орындықтарды жасадым. Кэтлин барлық анатомиялық үлгілерді дайындады», – дейді Никс.

Никс пен Гербер жұмысты бөліп істейді. «Мен шкафты, қабырғаны, еденді және орындықтарды жасадым. Кэтлин барлық анатомиялық үлгілерді дайындады», – дейді Никс.

Олардың құртақандай заттарының диаметрі 50 см-ден 3 м-ге дейін жетеді. Олар – қарапайым материалдардан жасалған қағаз бен акрил бояуы, қатырма қағаз бен сазбалшық, нығыздалған пенопласт пен пластик қаптама және құйттай электрлі құрал-жабдықтар. Бұл – табанды еңбекті қажет ететін іс, әр көріністі жасауға 7-15 айға жуық уақыт жұмсалады. Көрініс да­йын болғанда, Никс оны ауқымы 8х10 үлкен пішімді фотокамерамен суретке түсіреді. Бір ғана соңғы кадрды шығарудың өзі үш аптаға жуық уақыт алады.

«Біздің жұмысымызға қарап, азабын аңғару қиын, – дейді Никс, – бірақ мен шындығында оптимистпін». Гербер де оны құптайды. «Біз әрдайым әзіл мен үрейдің қоспасын бейнелейміз, – дейді ол. – Біз қашан да елді қызықтыруға, оларға ой салуға талпынамыз».

Кір жуатын орын қирандыға айналған. Оған экологиялық апат себеп болды ма екен? «Кім-кім де мұның жақсы емес екенін сезеді, – дейді Никс, – алайда біздің өзімізді құтқара алмайтындығымыз, шын мәнінде, сезіле бастады».

Нортонда бала Никс әрдайым қауіп пен қатердің – зиянкес жәндіктер, жел, торнадо маңында өсті. Сұлулық салонындағы Гербердің қолы нақты өлшемдерді кескіндеп тұр.

Нортонда бала Никс әрдайым қауіп пен қатердің – зиянкес жәндіктер, жел, торнадо маңында өсті. Сұлулық салонындағы Гербердің қолы нақты өлшемдерді кескіндеп тұр.

Никс пен Гербер әр кешенге әртүрлі өлшем қолданады. Олар алдымен бір объектіден бастап, толықтыра береді. Қабырғаларын мүк басқан мына кітапхананікі – құйттай глобус болатын.

Никс пен Гербер әр кешенге әртүрлі өлшем қолданады. Олар алдымен бір объектіден бастап, толықтыра береді. Қабырғаларын мүк басқан мына кітапхананікі – құйттай глобус болатын.

Пікір жазу