Ізгі ниетті ғалым

MD1216_3Q_160610_000275

Ли Бергер – алғашқы адам қалдықтарын зерттейтін палеоантрополог. Оның басқадан басты артықшылығы жұмысқа жас ғалымдарды тартып, еңбегін ашық жариялай береді. «Almost Human» атты соңғы зерттеу-кітабында ғалым адамзат дамуына қатысты тың тұжырымдар жасады.

– Соңғы табылған Homo naledi адамзаттың пайда болуы теориясын өзгерте алды ма?

– Біз Homo naledi адамын осыдан 200-300 мың жыл бұрын өмір сүрген деп топшылаудамыз. Оның сүйегін жасырын үңгірден таптық. Шағын ғана миы болған екен. Соңғы орта Плейстоцен дәуірінде алғашқы гомининдер Африканы мекендеген. Аталмыш дәуір саналы адамның пайда болу уақытымен тұспа-тұс келеді. Қазір бізде олардың саналылық белгілерін растайтын екі бірдей дәлел бар. Ал бұл адам таңғаларлық қорытындылар жасауға итермелейді.

– Оны ашық жариялай беруде сынға ұшыраймын деп қорықпайсыз ба?

– Иә, сын айтылады, бірақ бұл жайт барлық ауыспалы кезеңдегі кез келген ғылымға тән. Мәліметті ашық жариялап, онымен бөлісу және 3D форматты суреттер салуымның түпкі мақсаты – палеоантропологияны эксперименттік ғылымға айналдыру. Ал гипотезаңды өзгелер талқысына салмасаң, ол экспериментті болып есептелмейді.

 – Зерттеу шала немесе қате орындалған жағдайда ше? Жас ғалымдарға осындай қиын тақырыптарды беру оларға зиян келтірмей ме?

– Бұл – жаңсақ түсінік. Экспериментті ғылымға жастар көбірек қызығады. Өйткені олардың тың идеялар мен жаңа технологиялық жаңалықтарын жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Қателесуді ғалымның мансабына қауіпті деп ойлаудың өзі – қателік. Ғылым дамуының шарты солай.

STOCK_9781426218118

«Almost Human» кітабын сатып алу үшін shopng.com сайтына кіріңіз.

фото: Джонатан Торговник, Getty Images репортажынан Сұхбат ықшамдалып алынды.

    

Пікір жазу