.

Бесшатыр – патшалар обасы

KB2A1216545465468

Біздің шығармашылық топ үшінші күні Ақтаудан 95 шақырым қашықтықтағы сақтардың мекені болған «Бесшатыр» қорымын бетке алды. Қорымға барар жолда алдымен «Ошақтас» деп аталатын тастар ескерткішіне тоқтадық. Бұл ескерткіш қос Қалқан тауының ортасында орналасқандықтан болар көліктен түскенімізде адамды ұшырып әкетердей азынаған желге тап болдық. Соған қарамастан біздің фотографтарымыз қажетті суреттерін түсіріп алды.

Әрқайсысының биіктігі 2 метрден асатын алты алып тастан қаланған ошақтас бүгінде әбден мүжіліп, құлаудың сәл-ақ алдында тұрғаны байқалып тұрды. Қазір мұнда ошақтың үш тасы ғана қалған.

Әрқайсысының биіктігі 2 метрден асатын алты алып тастан қаланған ошақтас бүгінде әбден мүжіліп, құлаудың сәл-ақ алдында тұрғаны байқалып тұрды. Қазір мұнда ошақтың үш тасы ғана қалған.

Еділдің сөзіне қарағанда, Ошақтасқа қатысты ел ішінде бірнеше аңыз-әңгіме айтылып жүр. Оның бірінде, 1219 жылы Шыңғыс хан өзінің әлемді жаулап алуға шыққанда жорығында өзінің қалың әскерін тамақтандыру үшін осы ошақты тұрғызып, үстіне қазан қойғызған. Екінші болжам – жаугершілік замандарда адамдар оның ішіне от жағып, белгі беру мақсатында қолданған.

Одан шығып алып, Іле өзенін жағалап жүріп бара жатқанымызда жолдың сол жақ беткейінде қаулап өскен Тораңғы бағына көзіміз түсті. Қазақ үшін аса киелі саналатын ағаштың қасына тоқтамай өтіп кетуге болмас деп, оны да сатырлатып суретке түсіріп алдық. Біздің халық тораңғының қабығын тілгенде шығатын қызғылт түсті сұйықтықты «қанды көз жасына» балайды.

YSH_5402

Бақ аумағынан шыға бергенімізде Еділ: «Әне, Сіздер сұраған пржевальский жылқысы», – деп жылқылар жайылып жүрген жаққа қарай нұсқады. Жылқыларға жақындап келгенімізде Еділ әр жылқының атын атап, жеке жеке таныстырды. «Мына ақжілік биенің аты Шанти, анау көбен биені Годалька дейміз. Айғырдың аты – Голан. Бұлар өздерін жусан иісі аңқыған осы бір кең даланың иесі санайды, – деді ол, – күнделікті келетін туристерден тәтті-жұмсақ күтеді».

KB2A1125


YSH_51856

YSH_5356

Еділдің айтуынша, Алтынемелдегі керқұландар 2003 жылы Германиядағы зообақтардың бірінен әкелінген. Қазір олардың саны 12-ге жетеді. Бұл айғырдың мықтылығы сол, ол –құлындарын осы кезге дейін қасқырға да, басқаға да алдырған емес», – деді ол.

Негізі қазақтар Пржевальский жылқысын керқұлан деген. 1878 жылы ғалым, саяхатшы Н.М. Пржевальский Азияға жасаған саяхаты барысында керқұландардың Орталық Азияда ғана тіршілік ететінін айтқан болатын. Ал қазір ондай жылқыларды тек зообақтардан ғана көруге болады.

Керқұландармен армансыз суретке түсіп болғаннан кейін темір тұлпарымызға қайта қондық та, Бесшатырға қарай тарттық.

YSH_5430

YSH_5571

KB2A1256

Бесшатыр жайында «Қазақ Энциклопедиясының» 2 томында мынадай мәлімет келтірілген: «Сақтар заманынан қалған «Бесшатыр» қорымы туралы алғаш рет 1957-1961 жылдары қазақстандық ғалым Кемел Ақышев бастаған археологиялық экспедиция барысында айтылды. Шылбыр деген жерде үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олардың 21-і таспен, ал қалған 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Обалардың ең үлкенінің диаметрі 45 метрден 105 метрге дейін жетсе, биіктігі 6-17 метр аралығында болатын».

YSH_5591

Ол еңбекте сондай-ақ барлығы 18 обаның қазылғандығы, олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар болғаны да жазылған. Орташа обалар киіз үй тәрізді доғал болып келсе, үлкендері ірі ағаштармен  қабірге ұқсас етіп салынған деп келтіріледі. Зерттеу қорытындысы ежелгі сақтардың әлеуметтік топтарға бөлінгендігін және өздеріне ғана тән шаруашылықпен айналысып, қалыптасқан салт-дәстүрі қатаң ұстанғандығын анықтаған. Одан бөлек ежелгі адамдардың сәулет өнері, қару-жарақтар мен тұрмыстық құрал-жабдықтарды қалай қолданғаны туралы құнды деректерге де қанық.

_MG_6146

Көне дүниелерді қалпына келтірумен айналысатын «Қазреставрация» РМК мекемесінің қызметкерлері 2009 жылы осы қорымдарға жөндеу жұмыстарын бастағанда үлкен обалардың астында жер асты жолдары болғанын байқаған. Бір ғана кісі сыйатындай жолдардың ұзындығы 55 метр, биіктігі 1,68 метрден аспапты.

YSH_5518

Ғалымдардың пікірінше, Жетісудағы сақ мәдениеті негізінен екі кезеңнен тұрады: алғашқы кезең (б.з.д. VIII-VI ғғ.) және кейінгі кезең (б.з.д. V-I ғғ.). Соңғы кезеңдегі патшалар обасына осы Бесшатыр мен Есік қорғандары жатады.

Автор Дәурен Құдайберген, фото: Ерболат Шадрахов, Екпін Хасенжан

 

Мақала «Canon» сауда белгісінің көмегімен жүзеге асты.

       

1 пікір жазылған

Пікір жазу